Банкроттықтың салдары қандай болмақ?
Өткен жылдың соңында Қазақстан Республикасы Парламент Сенатымен «Қазақстан Республикасы азаматтарының төлем қабілеттілігін қалпына келтіру және банкроттығы туралы» Заңы мақұлданып, Мемлекет басшысы 2022 жылдың 30 желтоқсанында оған қол қойды. Заң ресми жарияланғаннан кейін 60 күн өткен соң күшіне енеді. Яғни, қарызы бар азаматтар 2023 жылдың наурыз айынан бастап банкроттыққа арыз бере алады. Аталған заңда «соттан тыс банкротты» деген рәсім қарастырылған. Соттан тыс банкроттығы рәсімін тек борышкер ғана бастайды, яғни несие беруші немесе өзге кредитор борышкерге қатысты бұл рәсімді қолдануға құқығы жоқ. Соттан тыс банкроттығын тек банктер, микроқаржы ұйымдары және коллекторлық агенттіктер алдындағы қарыздар бойынша қолдануы мүмкін.
Бұл рәсімді қолдану үшін келесі шарттар орындалады:
- Қарыз 5,5 миллион теңгеден (1600 АЕК) аспайды және 12 айдан артық өтелмейді. Ақпарат https://id.mkb.kz сайтында қолжетімді.
- Мемлекеттік тіркеуге жататын мүлік (Жылжымайтын мүлік, жер және көлік құралдары) жоқ. Ақпарат E.gov.kz сайтында қолжетімді.
- Банкпен, микроқаржы ұйымымен борышты реттеу туралы құжаттың болуы (коллекторлар бойынша талап етілмейді).
- Кредиторлар тізбесі (банктер, микроқаржы ұйымдары, коллекторлық агенттіктер).
- Банкпен, микроқаржы ұйымдарымен борышты реттеу туралы құжат (коллекторлар бойынша талап етілмейді).
- Банктерден және микроқаржы ұйымдарынан 5 жыл қарыз алуға тыйым салынады.
- Қайта банкроттық 7 жылдан кейін мүмкін болады.
- Банкроттықтан кейін 3 жыл ішінде мүлікті сатып алуды бақылау (мониторинг) жүзеге асырылады.
Өмірзақ ҚОСПАНОВ,
облыс бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті «Байланыс орталығы» басқармасының басшысы.
Ұқсас жаңалықтар
Жауапкершілікті күшейтетін тарихи мүмкіндік
- 12 наурыз, 2026
101 шаруаға жеңілдетілген несие берілді
- 12 наурыз, 2026
Ақпарат
Нарша
- 2 наурыз, 2026
Жамбылдың жауһар жырлары
- 26 ақпан, 2026
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




