- Advertisement -

Аймақта 13 жайлы мектеп салынады

60

- Advertisement -

Облыс әкімі Нұржан Нұржігітовтің төрағалығымен өткен кеңесте «Жайлы мектеп» ұлттық жобасын іске асыру мәселесі қаралды. Жиынға «Samruk-Kazyna Construction» акционерлік қоғамының басқарма төрағасы Мәулен Айманбетов және мердігер ұйымдардың өкілдері қатысты.

Облыс әкімі Нұржан Нұржігітовтің төрағалығымен өткен кеңесте «Жайлы мектеп» ұлттық жобасын іске асыру мәселесі қаралды. Жиынға «Samruk- Kazyna Construction» акционерлік қоғамының басқарма төрағасы Мәулен Айманбетов және мердігер ұйымдардың өкілдері қатысты.

Аймақта 2023-2025 жылдары «Жайлы мектеп» ұлттық жобасы аясында жалпы 9500 оқушыға арналған 13 мектеп салу жоспарланған (Таразда – 4, Байзақта – 2, Жамбылда – 1, Қордайда – 3, Меркіде – 1, Шуда – 2).

Биыл құрылысы басталатын 8 мектеп 2024 жылы, 5 мектеп 2025 жылы (2024 жылы басталады) пайдалануға беріледі деп жоспарлануда. Нақтырақ айтсақ, биыл Тараз қаласында – 4 мектеп, Байзақ ауданында – 2 мектеп, Қордай ауданында 2 мектептің құрылысы басталады.

Жайлы мектептер бірыңғай стандартқа сай салынатын болады. «Samruk-Kazyna Construction» бірыңғай операторы 300, 600, 900, 1200, 1500, 2000 және 2500 орындық мектептердің үлгілік жобаларын әзірлеуде.

Жиын барысында жер бөлу және инженерлік коммуникацияларды жүргізу, мектептерді интернетпен қамтамасыз ету мәселелері талқыланды. Облыс әкімі Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасына сәйкес жаңа форматтағы мектептер қажетті оқу жабдықтарымен, түрлі пәндік кабинеттермен, бейнебақылау жүйелерімен толық қамтылатынын атап өтті.

Мәулен Айманбетов техникалық және авторлық қадағалау қызметінің тиімді жұмысының маңыздылығына назар аудартты.

– Ұлттық жоба мектептердегі орын тапшылығын жоюға, апатты және үш ауысымды мектептердің мәселесін шешуге бағытталған. Біздің мақсатымыз – балалардың жайлы жағдайда сапалы білім алуын қамтамасыз ету, – деді Нұржан Нұржігітов.

Облыс әкімінің баспасөз қызметі.

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support