Дәрігерлер неге ақ халат киеді?
Әлемде медицина қызметкерлерінің 75 пайызы ақ түсті халат киеді. ХІХ ғасырдың екінші жартысына дейін дәрігерлерде ешқандай біркелкі форма болмаған. Тек ауыр операциялар кезінде ғана алжапқыш пен қолғап киген. Ең алғаш ақ халат кию қажеттілігі туралы бастаманы ағылшын дәрігері Джозеф Листер көтереді. Бұл киім түрінің антисептик қасиеті туралы оның тұтас теориясы бар еді. Ал өткен ғасырдың басында, Еуропаны тұмау індеті жайлағанда бұл теория расталды. Осыдан кейін жер- жердегі дәрігерлер жаппай ақ халат киюді бастайды.
Халат туралы тағы бір қызықты дерек, өткен ғасырда халатқа қарап, хирургтің кәсібилігін бағалайтын болған. Операция кезінде халат пациент қанымен неғұрлым аз былғанса, соғұрлым хирург білгір маман саналған.
Осыдан 7 жыл бұрын Англияда «ақ халат кию қажет пе?» деген пікірталас қайта жаңғырады. Содан дәрігерлер ақ халаттан уақытша бас тартады. Сонда халықтың халатсыз дәрігерлерге сенімсіздікпен, кейде тіпті қорқынышпен қарайтыны белгілі болады.
Енді халаттың қызғылт емес, сары емес, сұр емес, неге ақ түсті екеніне тоқталайық. Түстерді зерттейтін колориметрия деген ғылым бар. Сол арқылы шындыққа жанасатын жауап таба аламыз.
Колориметрия ғылымына сенсек, ақ түс адамды ашықтыққа, тазалыққа, айқындыққа жетелейді. Демек, ақ түс науқастарға оң ықпал етеді, олар ақ халаттағы жандарға көбірек сенім артады.
Ғалымдар ақ түстің адамға ойын шоғырландыруға көмектесетінін айтуда. Салыстырмалы түрде, ақ халат киген дәрігерлер аз қателік жібереді. Демек, ақ түс адам өмірін құтқаруға септігін тигізеді
Гүлжан РАХМАН.
Ұқсас жаңалықтар
Ақпарат
IQanat – жарқын болашаққа бастайтын жоба
- 28 қазан, 2024
Референдумнан қордайлықтар да қалыс қалмауда
- 6 қазан, 2024
АЭС салсақ - электр энергиясын экспорттаймыз
- 22 қыркүйек, 2024
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді