Аккредиттелген мекемені таңдаған жөн
«Кардиохирургия және трансплантология ғылыми- клиникалық орталығы» медициналық ұйымдарды аккредиттеу жөніндегі Халықаралық біріккен комиссияның қызметін бағалаудан сәтті өтті. Joint Commission International (JCI) Біріккен халықаралық комиссиясы – медициналық ұйымдардың халықаралық сапа стандарттарына сәйкестігін бағалауды жүргізетін Чикаго қаласы, АҚШ-та құрылған үкіметтік емес ұйым. JCI сертификатының болуы медициналық ұйымдардағы қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін объективті тануды анықтайтын алтын стандарт болып табылады. Аккредиттеу Орталықтың бастамасымен жүргізілді. Орталық директоры Сейітхан Жошыбаевтың айтуынша, барлық ұжым өзінің кәсіби деңгейін жетілдіру және көрсетілетін қызметтердің сапасын арттыру, жүрегі ауыратын науқастарды хирургиялық емдеудің инновациялық әдістерін әзірлеу және енгізу бойынша үнемі жұмыс істейді. Науқасқа қамқорлық жасау – орталықтың бірінші міндеті. «JCI халықаралық стандарттары ең алдымен науқастардың күтімі мен қауіпсіздігіне бағытталған. Халықаралық біріккен комиссияның сарапшы-аудиторлары атқарылған жұмыстарды, өткізілетін іс- шаралардың тиімділігін, жалпы барлық стандарттардың сәйкестігін бағалап, екі жүз негізгі стандарт бойынша және мыңнан астам қосымша көрсеткіштер бойынша мекемеге жоғары баға беріп, оның әлеуеті зор, дәрігерлер мен медбикелердің кәсібилігі жоғары екенін растады. Біздің мақсатымыз – медициналық көмек көрсету сапасының халықаралық стандарттарына сай болу», – дейді профессор С.Жошыбаев.
JCI аккредиттеу – клиниканы, сондай- ақ жалпы Қазақстанның денсаулық сақтау саласын одан әрі дамытуға бағытталған тағы бір қадам. Ел азаматтары мен шетел азаматтары елден шықпай-ақ жоғары сапалы медициналық қызметтерді ала алады. Еліміз бойынша барлығы 8 ұйымның JCI халықаралық аккредиттеу сертификаты бар.
Аккредиттеудің болуы медициналық туристердің жоғары сапалы медициналық қызметтерді іздеп, өз елінен тыс жерлерге шығатын науқастардың сенімінің кепілі ретінде бағаланады және орталыққа әлемнің жетекші медициналық орталықтарының қатарына кіруге мүмкіндік береді. Аккредиттеу үш жылға беріледі. Әрі қарай медициналық мекеме қайта аккредиттеуден өтеді. Осы уақыт ішінде орталық барлық ережелер мен стандарттарға сәйкес қатаң жұмыс істейді. Бұл тұрақтылық пен міндеттемені талап ететін ұзақ мерзімді процесс. JCI аккредитациясын алған ұйымдар өз халыққа сапалы қызмет көрсету деңгейін ұсынуға тырысады. Сондықтан аккредиттелмеген медициналық ұйымға қарағанда аккредиттелген медициналық ұйымды таңдаған жөн.
Гүлжан РАХМАН
Ұқсас жаңалықтар
Ақпарат
Жамбылда заңсыз берілген жер учаскелері қайтарылды
- 25 желтоқсан, 2024
Жамбыл облысы: гранттар арқылы оң өзгерістер жасаудың жаңа мүмкіндіктері
- 25 желтоқсан, 2024
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді