Батылдық пен ерліктің өшпес өнегесін көрсетті
15 ақпан – Кеңес әскерлерінің Ауғанстан жерінен шығарылған күні. Осыған орай, бүгін Жуалы ауданында соғыста қаза тапқан майдангерлер еске алынып, Ауған соғысы ардагерлеріне арналған ескерткішке гүл шоқтары қойылды.
Сондай-ақ, жауынгер-интернационалистердің ерлігін ұлықтау рәсімі өтті. Аудан әкімі Мұртаза Жалғас жастардың бойына патриоттық сезімнің қалыптасуына қосқан үлестері үшін Ауған соғысының бірқатар ардагерлеріне Алғысхат табыстады. Сонымен қатар, Ауған соғысында жуалылық азаматтар да Отан алдындағы Интернационалдық борышын абыроймен адал атқарып, от пен оқтың ортасында жүріп, қанды шайқаста батылдық пен ерліктің өшпес өнегесін көрсеткенін атап өтті.
Өздеріңіздің ерлікке толы қаһармандық істеріңіз жастарымызға үлгі бола береді деген сенімдемін. Ауған соғысы құрбандары мен ардагерлерін ұлықтау бүгінгі ұрпақтың – басты парызы,- деді Мұртаза Жалғас.
Жуалы ауданы әкімдігінің баспасөз қызметі
Ұқсас жаңалықтар
Бейбітшілік – баянды бақыттың бастауы
- 30 сәуір, 2026
«Қазақстанға үнемі келгім келетін еді»
- 30 сәуір, 2026
Ақпарат
ЖИ: шетелде қалай, бізде қалай?
- 31 наурыз, 2026
Тұрғындарға тегін құқықтық көмек көрсетілді
- 31 наурыз, 2026
Зейнетақы жинағын мерзімінен бұрын алудың талабы қандай?
- 31 наурыз, 2026
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




