50 жылдан бері жанкүйермін
Мен «Тараз» футбол командасына елу жылдан бері жанкүйер болып келемін. 76 жастамын. Өңірдің намысын қорғап жүрген соң, осы клубтың әр қадамымен бірге тыныстаймыз. Жамбылдың футбол командасы өз алаңы мен сырт алаңда ұтып жатса, күні бойы көңілді жүремін. Ал ұтылып жатса, мазам болмай, көңілсіз күй кешемін.
Соңғы кезде «Тараз» неге көп ұтылып жүр, неге нәтижеге жете алмай келеді?» деген сұрақ жанымды жегідей жейді. Оның кейбір себептерін білетін де сияқтымын. Тараз қаласында туып, осы шаһарда өскен футболшы жігіттер аталған клубта екі-үш жыл ойнаған соң, басқа қалаларға кетіп қалады.
«Тараздан» өзге командалар да көпшілігінде біздің тәжірибелі, үздік жерлестеріміз ойнап жүр. Солардың біреуін де жібермеу керек еді. Әлі де болса жақсы келісімшарт жасасып, өзіміздің өңірден шыққан ойыншыларды «Тараз» командасының құрамына тарту керек. Сонда оң нәтиже болады деп ойлаймын.
Облыс және қала басшыларынан осы ұсынысымды қолдауды өтінемін. Ол үшін қаржылық жағдайды да оң шешкен жөн. Ол қаражат облыстағы футболдың дамуына салынған қаржы болар еді.
«Тараз» командасының нәтижелі ойнағанын, тым болмаса қола жүлдеге жетуін жалғыз мен емес, мыңдаған жанкүйер күтіп жүр. Бірақ команданың бұл өгізаяңымен қанша жыл күтетініміз белгісіз?..
Әшен ҚЫРҒАБАҚҰЛЫ,
еңбек ардагері. Меркі ауданы
Ұқсас жаңалықтар
Жамбыл облысы әкімі аппараты басшысының жаңа орынбасары тағайындалды
- 20 қыркүйек, 2024
АЭС – маңызды шешімдер кезеңі
- 20 қыркүйек, 2024
Ақпарат
Алматылық қос азаматтың жазасы жеңілдетілді
- 30 тамыз, 2024
Президент эстрада әншісін «Барыс» орденімен марапаттады
- 22 шілде, 2024
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді