Басты мақсат – халықпен кері байланыс орнату
Аймақ басшысы Нұржан Нұржігітовтің төрағалығымен өткен аппараттық кеңес отырысында әкімшілік құқықбұзушылыққа жол берген мемлекеттік қызметшілердің тәртібі қаралды. Сондай-ақ жиын барысында мемлекеттік мекемелердің халықпен кері байланыс орнатуы, келіп түскен өтініштерді қарау, қоғамдық қабылдау өткізу мен құқықтық-нормативтік актілерді әзірлеу сынды бірқатар мәселелер бойынша орын алған кемшіліктер де сөз болды. Басқосуда алдымен облыс әкімі аппараты басшысының орынбасары Серік Әлібеков баяндама жасады. Оның айтуынша, былтыр өңірдегі жергілікті атқарушы органдарда қызмет ететін мемлекеттік қызметшілердің әдеп нормаларын бұзу фактісі 14,3 пайызға жоғарылаған. Нақтылай түссек, өткен жылы 2 287 мемлекеттік қызметшінің 23,9 пайызы (546) әкімшілік құқық бұзушылыққа жол берген.
- Талас ауданындағы мемлекеттік қызметшілердің – 43, Жуалы ауданында – 41, Меркі ауданында – 34,5, Мойынқұмда – 33,8, Т.Рысқұлов ауданындағы мемлекеттік қызметшілердің 30,2 пайызы әкімшілік құқық бұзған. Есепті кезеңде облыс бойынша жеке және заңды тұлғаларға қызмет көрсету барысында қызмет көрсетудің 60 мерзім бұзу фактісі тіркелді. Нәтижесінде кемшілікке жол берген 22 қызметкер тәртіптік жауапкершілікке тартылса, 21 қызметкерге әкімшілік айыппұл салынды, - деді С.Әлібеков.
Өз кезегінде Нұржан Молдиярұлы әрбір мемлекеттік қызметшінің әр ісі мінсіз болуы қажеттігін баса айтып, жауаптылар тарапынан ақпараттық-түсіндіру жұмыстарының әлсіздігін сынға алды.
Есен ӨТЕУЛІ
Ұқсас жаңалықтар
Бейбітшілік – баянды бақыттың бастауы
- 30 сәуір, 2026
«Қазақстанға үнемі келгім келетін еді»
- 30 сәуір, 2026
Ақпарат
ЖИ: шетелде қалай, бізде қалай?
- 31 наурыз, 2026
Тұрғындарға тегін құқықтық көмек көрсетілді
- 31 наурыз, 2026
Зейнетақы жинағын мерзімінен бұрын алудың талабы қандай?
- 31 наурыз, 2026
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




