Жамбылда не жаңалық?
Тастанды нәрестелер туралы айтпаған дәрігерлерге айыппұл салынады
- author «Ақ жол»
- 13 ақпан, 2023
- 733
Тастанды нәрестелер туралы айтпаған дәрігерлерге айыппұл салынады
ҚР Ішкі істер министрлігі «Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексіне адам саудасына қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасын әзірледі, деп хабарлайды Aq jol ақпараттық порталының тілшісі Zakon.kz. порталына сілтеме жасап.
Атап айтқанда, кодекске «Мемлекеттік медицина ұйымдары мен ұйымдардың лауазымды тұлғаларының жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар, жаңа туған нәрестені тастап кету фактісіне жол бермеуі» деген жаңа бап енгізіліп жатыр.
Бұл бапты бұзғаны үшін әуелі ескерту жасалады. Бір жылда қайталанған факті үшін 10 АЕК (34 500 теңге) көлемінде айыппұл қарастырылған.
Тағы бір жаңа бапта жоғарыда аталған әкімшілік құқық бұзушылық туралы істерді баланың құқығын қорғау саласындағы уәкілетті орган қарайтыны көзделген. Дәл сол орган әкімшілік жаза қолданады.
Құжат 3 наурызға дейін қоғамда талқылануы үшін Ашық НҚА веб-сайтына жарияланған.
Биыл қаңтар айының соңында Таразда қалалық аурухананың екі медицина қызметкері сәбилерді саудалады деген күдікпен ұстағаны белгілі болды. Қазір тергеу жүргізіліп жатыр.
Ұқсас жаңалықтар
Мойынқұмның аялдамаларынан адам ұялады...
- 20 қаңтар, 2026
Жуалыдағы көзбояушылық кімге керек болды?
- 12 қаңтар, 2026
Ақпарат
Шаруалардың маңдай тері ақталатын күн жақын
- 25 қыркүйек, 2025
Әлемде транзит үшін бәсеке күшейіп бара жатыр – Тоқаев
- 8 қыркүйек, 2025
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




