Денсаулық
Тұрақтандыру қорлары сауда орындарына пияз сатуды бастады
- author «Ақ жол»
- 13 ақпан, 2023
- 335
Тұрақтандыру қорлары сауда орындарына пияз сатуды бастады
Қазақстанның өңірлерінде тұрақтандыру қорларынан сауда нысандарына пияз сатыла бастады. 2023 жылғы 10 ақпанда ҚР СИМ Сауда комитеті төрағасының м.а. Айдар Әбілдабеков Жамбыл облысы әкімдігінің өкілдерімен бірге Жамбыл облысының шаруа қожалықтарының қоймаларында сақталған пияздың бар-жоғын және жай-күйін тексеру үшін болды. Облыс қоймаларында қазір 38 мың тоннаға жуық пияз бар, деп хабарлайды Aq jol ақпарттық агенттігінің тілшісі ҚР Сауда және интеграция министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Жамбыл облысы әкімдігінің кәсіпкерлік және индустриалды-инновациялық даму басқармасының басшысы Аспандияр Сейсебаевтың айтуынша, облыста күзде пияз сатып алынған болса, бүгінде бұл көкөніс 40-қа жуық сауда орындарына 115 теңге/кг, ал дүкендер өз кезегінде пиязды 128 теңге/кг бағамен сатылған. Сондай-ақ, Аспандияр Сейсебаев бүгінде Жамбыл облысындағы сауда нысандарын ғана емес, басқа өңірлерге де жеткізуге қажетті өнім қоры жеткілікті екенін атап өтті.
- Жамбыл облысындағы көкөніс қоймаларына барып, біз пияздың қоймаларда елдің ішкі нарығының ағымдағы қажеттілігін қамтамасыз ету үшін жеткілікті мөлшерде бар екеніне көз жеткіздік. Өздеріңіз білетіндей, осы аптада ҚР Премьер-Министрі тұрақтандыру қорынан қорларды броньсыздандыруды және тауарлық интервенцияларды бастауды тапсырды, сондықтан ӘКК пияз қорларын сатуы, сол арқылы бүкіл ел бойынша сауда объектілерін пияздың қажетті мөлшерімен қамтамасыз етуі тиіс, – деді Айдар Әбілдабеков.Қалыптасқан резервтерден көкөністерді босату бағаны тұрақтандыру бойынша қолданыстағы шараларды қолдану шеңберінде жүргізіледі, оның ішінде елдің барлық өңірлерінде тұрақтандыру қорларынан сауда объектілеріне көкөністерді төмендетілген бағамен сату бойынша тауарлық интервенциялар басталды.
Ұқсас жаңалықтар
Зертханалық диагностика мәселелері зерделенді
- 17 қараша, 2024
Жамбыл жерінде 26 медициналық нысан салынады
- 17 қараша, 2024
Ақпарат
IQanat – жарқын болашаққа бастайтын жоба
- 28 қазан, 2024
Референдумнан қордайлықтар да қалыс қалмауда
- 6 қазан, 2024
АЭС салсақ - электр энергиясын экспорттаймыз
- 22 қыркүйек, 2024
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді