Жаңалықтар
2023 жылғы 19 наурызға тағайындалған бір мандаттық аумақтық сайлау округтері бойынша Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісіне депутаттыққа кандидаттарды тіркеу туралы ХАБАРЛАМА
- author «Ақ жол»
- 13 ақпан, 2023
- 438
2023 жылғы 19 наурызға тағайындалған бір мандаттық аумақтық сайлау округтері бойынша Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісіне депутаттыққа кандидаттарды тіркеу туралы ХАБАРЛАМА
«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық Заңының 104-бабы, 6-1 тармағының 1) тармақшасына сәйкес №15 округтік сайлау комиссиясы бір мандаттық аумақтық сайлау округі бойынша Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаттығына төмендегідей кандидаттардың тіркелгені туралы хабарлайды: №15 сайлау округі бойынша:
- Искандиров Мукаш Зулкарнаевич, 1960 жылы туған, жеке кәсіпкер, Тараз қаласының тұрғыны, қазақ, «AМАNАТ» партиясы» қоғамдық бірлестігі ұсынған.
- Қазақбай Жанат Түйтенұлы, 1958 жылы туған, зейнеткер, қазақ, Алматы қаласының тұрғыны, өзін-өзі ұсыну тәртібімен ұсынылған.
- Абдраимов Дуйсенбек Исахметович, 1960 жылы туған, Жамбыл политехникалық жоғары колледжінің директоры, Тараз қаласының тұрғыны, қазақ, өзін-өзі ұсыну тәртібімен ұсынылған.
- Нуралиев Айбек Хайратович, 1990 жылы туған, KIMEP University, Астана қаласының тұрғыны, қазақ, өзін-өзі ұсыну тәртібімен ұсынылған.
***
«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық Заңының 89-бабы, 4-3-тармағының 1) тармақшасына сәйкес №16 округтік сайлау комиссиясы бір мандаттық аумақтық сайлау округі бойынша Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаттығына өзін-өзі ұсыну тәртібімен төмендегідей кандидаттардың тіркелгені туралы хабарлайды: №16 сайлау округі бойынша:- Бекешев Алмаз Аскарович, 1986 жылы туған, Жамбыл облыстық қорғаушылар алқасының мүшесі, қорғаушы (адвокат). Жамбыл облысы, Қордай ауданы, Қордай ауылының тұрғыны, өзін-өзі ұсыну тәртібімен ұсынылған.
- Султан Сабит, 1951 жылы туған, «SSS» жеке кәсіпкерлігінің басшысы. Жамбыл облысы, Т.Рысқұлов ауданы, Құлан ауылының тұрғыны, өзін-өзі ұсыну тәртібімен ұсынылған.
Жамбыл облыстық сайлау комиссиясы
Ұқсас жаңалықтар
Жамбыл облысы әкімі аппараты басшысының жаңа орынбасары тағайындалды
- 20 қыркүйек, 2024
АЭС – маңызды шешімдер кезеңі
- 20 қыркүйек, 2024
Ақпарат
Алматылық қос азаматтың жазасы жеңілдетілді
- 30 тамыз, 2024
Президент эстрада әншісін «Барыс» орденімен марапаттады
- 22 шілде, 2024
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді