Қордайлықтар Түркияға гуманитарлық көмек жіберді
Түркияның Кахраманмараш, Газиантеп, Османие, Диярбакыр, Шанлыурфа провинцияларында болған жер сілкінісінде зардап шеккендерге қайырымдылық көмек көрсетуді қордайлықтар да қолға алды. Масаншы, Сортөбе, Күнбатыс-1, Күнбатыс-2 және Бұлар батыр ауылының ерікті жастары мен кәсіпкерлері Түркиядағы жер сілкінісінен зардап шеккендерге 2 млн 500 мың теңге көлемінде жылу жинап, бүгін қажетті заттар тиелген жүк көлік жолға шықты.
Тұрғындар қолдан келгенше жылы киімдер, аяқ-киім, төсек-орын, күнделікті тұрмысқа қажет заттар, жеке бас гигиенасына арналған бұйымдарды алды.
Айта кетейік, мұндай қайырымдылық шараларды ауданымыздың басқа ауыл азаматтары да қолға алып, қаржылай көмек көрсетуді ұйғарып отыр.Қордай әкімдігінің баспасөз қызметі
Ұқсас жаңалықтар
«Made in KZ» көбейген сайын отандық бизнес дамиды
- 11 наурыз, 2026
Ақпарат
Нарша
- 2 наурыз, 2026
Жамбылдың жауһар жырлары
- 26 ақпан, 2026
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




