Жаңалықтар
Түркия мен Сирияда қаза тапқан адамдар саны 23 мыңнан асты
- author «Ақ жол»
- 11 ақпан, 2023
- 621
Түркия мен Сирияда қаза тапқан адамдар саны 23 мыңнан асты
Түркия мен Сирияда болған зілзала салдарынан 23 мыңнан астам адам қаза тапты. Бұл туралы Zakon. kz ақпараттық агенттігі хабарлады.
Соңғы мәліметтер бойынша, Түркиядағы жер сілкінісінің құрбаны 20 213 адамға жетті.
Сирияда қаза тапқандар саны 3500-ге дейін өсті.
Қос елде апаттан 80 мыңнан астам адам зардап шекті. Олардың саны да күн сайын өсу үстінде.
6 ақпанда таңертең Түркия мен Сирияда 7,8 балдық жер сілкінісі болды. Осыдан кейін де мұнда кем дегенде тағы 10 жер сілкінісі сезілді.
Қазақстан Түркияға өз құтқарушылары мен дәрігерлер тобын жіберді. Олар Түркияның екі қаласында – Газиантеп пен Нұрдалыда қарқынды жұмыс істеп жатыр. Іздеу-құтқару операциялары кезінде 7 адам тірідей табылды, сондай-ақ 14 мәйіт үйінді астынан шығарылды.
Ұқсас жаңалықтар
Бейбітшілік – баянды бақыттың бастауы
- 30 сәуір, 2026
«Қазақстанға үнемі келгім келетін еді»
- 30 сәуір, 2026
Ақпарат
ЖИ: шетелде қалай, бізде қалай?
- 31 наурыз, 2026
Тұрғындарға тегін құқықтық көмек көрсетілді
- 31 наурыз, 2026
Зейнетақы жинағын мерзімінен бұрын алудың талабы қандай?
- 31 наурыз, 2026
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




