Жаңалықтар
Жамбылдық полицейлер қар құрсауында қалған көліктердi шығаруда
- author «Ақ жол»
- 11 ақпан, 2023
- 249
Жамбылдық полицейлер қар құрсауында қалған көліктердi шығаруда
Талас ауданының полиция бөлімінің қызметкерлері тұрғындарды табиғи апаттан қорғау жұмыстарын жүргізуде. Мәселен, Қаратау қаласының кiре берiсiнде полицейлер қар басып қалған автокөлікті байқайды. Қалың қардың әсерінен түн ішінде көлік қозғалысы тоқтап, жүргізушiсi сыртқа шыға алмаған.
Полиция қызметкерлері жедел түрде оны құтқару әрекетiне кiрiседi. Күрекпен қарды аршып, көлікті қазып алады. Автокөліктi сүйреп апаратын эвакуаторды шақырады.
Нәтижесінде автокөлік қар кұрсауынан босатылып, содан кейін полиция қызметкерлерінің сүйемелдеуімен қауіпсіз жерге шығарылды.
Құтқарылған азамат полицейлерге дер кезінде көмек көрсеткені үшін алғысын білдірді.
Қазіргі уақытта ауа-райының күрт өзгеруiне және жолдардың көрінуi шектелуіне байланысты республикалық маңызы бар «Тараз-Шымкент» автожолдарында көліктің барлық түрлері үшін 534-тен 593-шақырымға дейінгі қозғалыс аумағы жабық.
Құрметті облыс тұрғындары мен қонақтары, өте сақ болыңыздар! Қолайсыз ауа-райы жағдайында сізден үйде болуды және көлікпен жүруден бас тартуды сұраймыз!
Жамбыл облысы Полиция департаменті
Ұқсас жаңалықтар
Жамбыл облысы әкімі аппараты басшысының жаңа орынбасары тағайындалды
- 20 қыркүйек, 2024
АЭС – маңызды шешімдер кезеңі
- 20 қыркүйек, 2024
Ақпарат
Алматылық қос азаматтың жазасы жеңілдетілді
- 30 тамыз, 2024
Президент эстрада әншісін «Барыс» орденімен марапаттады
- 22 шілде, 2024
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді