Басты жаңалық
Түркия мен Сириядағы зілзаладан қаза тапқандар саны 22 мыңға таяды
- author «Ақ жол»
- 10 ақпан, 2023
- 254
Түркия мен Сириядағы зілзаладан қаза тапқандар саны 22 мыңға таяды
Түркия мен Сириядағы зілзаладан қаза тапқандар саны 22 мыңға таяды. Бұл туралы ktk.kz ақпараттық агенттігі хабарлады.
Зардап шеккендер 85 мыңнан асқан. Түркиядағы құтқару операцияларына жалпы саны 100 мыңнан аса адам қатысып жатыр.
Құрамында еріктілер, әскерилер және тәртіп сақшылары бар құтқарушылар тобы үйінді астында қалғандарды әлі шығарып жатыр. Қазақстандық жедел құтқару жасағы да тәулік бойы кірпік қақпай жұмыс істеуде.
Бүгін таңертең олар қиранды арасынан тағы үш адамды аман алып шықты. Қазақстанның құтқарушылары Газиантеп, Хатай және Нұрдагы қалаларындағы құтқару операцияларына қатысып жатыр. Қауырт қарбаласқа бар күшін салып жатқан мамандар тәулігіне тек екі сағат қана ұйықтайды.
Айналадағы үйінді астында талай адам жаншылып жатқанын білгенде жайбарақат жату мүмкін емес дейді олар. Мәселен, біздің құтқарушылар Нұрдагы қаласында жермен-жексен болған үйдің астынан арнайы тоннельді екі күн бойы жасаған. Қиранды арасынан шыққан әлсіз, ыңырсыған дауыстар тыншып қалғанда бұлар да тыпыршиды екен.
Ақыры 18 мың текше метр үйінді астынан үш адамды аман-есен алып шықты. Зілзаладан зардап шеккен Түкияның он қаласындағы қираған 6 жарым мың ғимараттың қалдықтарын тазалауға бес мыңнан аса техника тартылған.
Зардап шеккен аудандарда 90 мыңнан аса шатыр тігілді. Далада қалғандар соған кіріп жылынып, пана қылуда. Басқалары апаттан аман қалған аудандардағы қонақүйлер мен жатақханаларға орналастырылып жатыр. Ал үйінді астынан тірі табылған адамдарға бәрі қуанады.
Өкінішке қарай, құтқарушылар жеткенше жан тапсырып үлгергені де жетерлік. Өлі денені шығарғанда жақындары, туыстарының жоқтауы жүректі шымырлатады дейді құтқарушылар.
Соңғы мәліметтерге сәйкес, зілзаладан қаза тапқандар саны 22 мыңнан асты. Осыған орай өлі денелердің легін мәйітханалар қабылдап үлгермей жатыр. Ал беті жабылған мүрделер,жүк көліктерінде, мектеп, спорт залдарында, тіпті ашық аспан астындағы көшелерде де толып кеткен. Кейбірінің жанында жылаудан көз жасы құрғаған ет жақындары үнсіз егіліп отыр.
Ұқсас жаңалықтар
Ақпарат
Қаратау қаласында биыл 17 балалар ойын алаңшасы ел игілігіне берілді
- 6 желтоқсан, 2024
«Әйелдер көшбасшылығы» тақырыбында семинар өтті
- 28 қараша, 2024
Адвокаттық сауалдан бас тартудың салдары қандай?
- 26 қараша, 2024
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді