Жаңалықтар
7 мыңнан астам мектептер мен колледждер буллингтің алдын алу ережелерін оқып жатыр
- author «Ақ жол»
- 9 ақпан, 2023
- 269
7 мыңнан астам мектептер мен колледждер буллингтің алдын алу ережелерін оқып жатыр
ҚР Оқу-ағарту министрлігі Балалардың құқықтарын қорғау комитеті хабарлағандай, еліміздің бірнеше өңірінде балаларды жәбірлеудің (буллинг) алдын алу және білім беру ұйымдарындағы психологиялық қызметтердің жұмыс принциптері бойынша ақпараттық-түсіндіру жұмыстары басталды.
«Жыл басынан бері буллингтің алдын алу бойынша жаңа ережелермен жұмыс істеу және оны тәжірибеге енгізу жөнінде ақпараттық-түсіндіру жұмысы басталды. Қазір Астана қаласының, Ақмола, Қостанай, Павлодар және Солтүстік Қазақстан облыстарының психологтарымен, әдіскерлерімен, әлеуметтік педагогтерімен, директорларымен, тәрбие жұмысы жөніндегі орынбасарларымен және ата-аналар қоғамымен онлайн кездесулер өтіп жатыр», - деп бөлісті Балалардың құқықтарын қорғау комитетінің Балаларға құқықтық және психологиялық- педагогикалық қолдау көрсету басқармасының бас сарапшысы Жібек Нұржан.Өткен жылдың соңында балаларды жәбірлеудің (буллинг) алдын алу ережелері қабылданды. Онда білім алушылардың психологиялық жағдайын нығайту үшін мамандардың балалармен, ата-ана және мұғалімдермен жұмыс істеу алгоритмдері көрсетілген. Бүгінгі таңда екі мыңнан астам вебинарға қатысушыға ережелерді пайдалану бойынша әдістемелік ұсынымдар берілді. Жоспар бойынша түсіндіру жұмысы жеті мыңнан астам мектеп пен колледж, оның ішінде ауылдық мектептерге жүргізіледі.
Ұқсас жаңалықтар
Жамбыл облысы әкімі аппараты басшысының жаңа орынбасары тағайындалды
- 20 қыркүйек, 2024
АЭС – маңызды шешімдер кезеңі
- 20 қыркүйек, 2024
Ақпарат
Алматылық қос азаматтың жазасы жеңілдетілді
- 30 тамыз, 2024
Президент эстрада әншісін «Барыс» орденімен марапаттады
- 22 шілде, 2024
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді