«Самұрық-Қазына» қоры сатып алудың жаңа тәртібін бекітті

«Самұрық-Қазына» қоры сатып алудың жаңа тәртібін бекітті
ашық дереккөз
«Самұрық-Қазына» қоры сатып алудың жаңа тәртібін бекітті
2022 жылдан бастап «Самұрық-Қазына» қорының, сондай-ақ квазимемлекеттік сектордың барлық субъектілерінің сатып алуларын реттейтін «Квазимемлекеттік сектордың жекелеген субъектілерінің сатып алуы туралы» Заң күшіне енді. Қордың Директорлар кеңесі Сатып алудың жаңа тәртібін бекітті. ҚР қаржы вице-министрі Дәурен Кеңбейіл Орталық коммуникациялар қызметі алаңында енгізілген түзетулер жайлы айтып берді.
«Басқа ішкі құжаттарға сілтемелерсіз тікелей әрекет ету тәртібі қабылданды. Сатып алудың бәсекелестік емес тәсілдерін алып тастау және отандық бизнесті қолдауға бағытталған кешенді шаралар көзделген. Бір көзден сатып алу тәсілін заңсыз қолданғаны үшін дербес жауапкершілік енгізілді. Қордың сатып алу порталында барлық ақпаратты орналастыру, сондай-ақ шағымдар тізімін қалыптастыру қарастырылған. Қордың сатып алу тәсілдері мейлінше мемлекеттік сатып алуларға жақындатылып, біріздендірілді», - деді спикер.
Сонымен қатар қордың сатып алу тәртібін Қаржы министрлігімен және Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігімен міндетті түрде келісу заңмен бекітілді.

Ұқсас жаңалықтар