Облыстан Түркияға бес дәрігер көмекке барды
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Үкіметке Түркияның оңтүстік-шығысында болған жойқын жер сілкінісінің салдарын еңсеруде шұғыл көмек көрсетуді тапсырған болатын. Президенттің тапсырмасына сәйкес, еліміз бойынша Түркияға медициналық көмек көрсету үшін дәрігерлер бригадасын құрып жатыр. Осы бригада тобының құрамына облысымыздан 5 дәрігердің тізімі енгізілді. Олар – облыстық көпсалалы аурухананың жоғары анестезиолог- реаниматолог дәрігері Марат Тажбенов, қалалық көпсалалы ауруханасының нейрохирургия бөлімінің бірінші нейрохирург дәрігері Жасұлан Наурызбаев, Меркі орталық аудандық ауруханасынан үш бірдей білікті дәрігер, хирургия бөлімінің екінші меңгерушісі, хирург Ұлан Көктеубаев, хирург-травматолог Хамза Селимов және осы орталықтың жансақтау бөлімінің бірінші меңгерушісі, анестезиолог-реаниматолог Нұржан Байдәулетов.
Облыстық денсаулық сақтау басқармасы баспасөз қызметінің мәлімдеуінше, қазіргі таңда Түркияға қолұшын созуға бұдан бөлек 17 дәрігер ниет білдірген екен.
«Aq jol»-Aqparat»
Ұқсас жаңалықтар
Мойынқұмның аялдамаларынан адам ұялады...
- 20 қаңтар, 2026
Жуалыдағы көзбояушылық кімге керек болды?
- 12 қаңтар, 2026
Ақпарат
Шаруалардың маңдай тері ақталатын күн жақын
- 25 қыркүйек, 2025
Әлемде транзит үшін бәсеке күшейіп бара жатыр – Тоқаев
- 8 қыркүйек, 2025
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




