Жаңалықтар
Жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының басшысы тағайындалды
- author «Ақ жол»
- 9 ақпан, 2023
- 765
Жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының басшысы тағайындалды
Жамбыл облысы әкімінің өкімімен Саурықов Мұрат Құттыбайұлы Жамбыл облысы әкімдігінің жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының басшысы болып тағайындалды. Саурықов Мұрат Құттыбайұлы 1981 жылы Жамбыл облысы Жамбыл ауданында туған.
М.Х.Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университетін 2002 жылы «жол қозғалысын ұйымдастыру», 2006 жылы «заңтану» мамандықтары бойынша бітірген.
Еңбек жолын 2005 жылы Қазақстан Республикасының Көлік және коммуникация министрлігінің Көлік инфрақұрылымын дамыту комитетінің Жамбыл облысы бойынша басқармасының жол қозғалысы қауіпсіздігі және жұмыстарды қабылдау бөлімінің бас маманы болып бастаған, аталған мекемеде 2013 жылға дейін еңбек еткен.
2013-2018 жылдары Жамбыл облысы әкімдігінің құрылыс, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының автомобиль жолдары бөлімінің бас маманы, 2018 жылдың қаңтар-қазан аралығында Жамбыл облысы әкімдігінің құрылыс, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының автомобиль жолдары бөлімінің басшысы қызметтерін атқарған.
2018 жылғы қазаннан бастап Жамбыл облысы әкімдігінің жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының автомобиль жолдары бөлімінің басшысы лауазымында қызмет атқарып келді.
Жамбыл облысы әкімдігінің баспасөз қызметі
Ұқсас жаңалықтар
Бейбітшілік – баянды бақыттың бастауы
- 30 сәуір, 2026
«Қазақстанға үнемі келгім келетін еді»
- 30 сәуір, 2026
Ақпарат
ЖИ: шетелде қалай, бізде қалай?
- 31 наурыз, 2026
Тұрғындарға тегін құқықтық көмек көрсетілді
- 31 наурыз, 2026
Зейнетақы жинағын мерзімінен бұрын алудың талабы қандай?
- 31 наурыз, 2026
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




