Жаңалықтар
Еріктілер Түркияда зардап шеккендерге гуманитарлық көмек жинай бастады
- author «Ақ жол»
- 8 ақпан, 2023
- 308
Еріктілер Түркияда зардап шеккендерге гуманитарлық көмек жинай бастады
Ұлттық волонтерлар желісі ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің үйлестіруімен Түркия Республикасында жер сілкінісінен зардап шеккендерге гуманитарлық көмек жинау іс-шарасын бастады. Сондай-ақ гуманитарлық көмек республикалық маңызы бар барлық қалалар мен облыс орталықтарындағы «Birgemiz» өңірлік волонтерлар фронт-офистерінің кеңселерінде ұйымдастырылып, Ұлттық волонтерлық желісі арқылы Қазақстан Республикасындағы Түркия елшілігіне тапсырылады. ҚАЖЕТТІ ЗАТТАР: • Көрпелер, ұйықтауға арналған қаптар.
• Термос, қол шамы, пауэрбанк.
• Балаларға арналған жөргектер, жеке гигиена
құралдары (гигиеналық төсемдер).
• Қысқы киім (ересектер мен балаларға, заттар жаңа болуы керек), пальто-курткалар, жаңбырға арналған жамылғы, етік, жемпір, шалбар, қолғап, шарф, қалпақ, шұлық, іш киім және басқа киімдер.
Қаржылай көмек келесі реквизиттер арқылы қабылданады: Заңды тұлғалар үшін: «Қазақстан Халық Банкі» АҚ
«Ұлттық волонтерлер желісі» ЗТБ
БСН 120940015916
БИК: HSBKKZKX
Р/С: KZ23601A871001005521 Жеке тұлғалар үшін: Kaspi.kz қосымшасында – Төлемдер –
Қайырымдылық бөлімінде: «Ұлттық волонтерлер желісі» ЗТБ Түркиядағы жер сілкінісінен зардап шеккендерге гуманитарлық көмек.
Барлық сұрақтар бойынша «Birgemiz» республикалық волонтерлар фронт-офисінің ақпараттық орталығына хабарласуға болады: +7 708 706 4242, Қабанбай батыр көшесі, 11/5, 505-кеңсе.
Жамбыл облысы бойынша: Тараз қаласы, Төле би көшесі, No190, байланыс телефондары +7-702-252-7021, қабылдау уақыты: 09:00-ден 18:00-ге дейін.
Ұқсас жаңалықтар
Жамбыл облысы әкімі аппараты басшысының жаңа орынбасары тағайындалды
- 20 қыркүйек, 2024
АЭС – маңызды шешімдер кезеңі
- 20 қыркүйек, 2024
Ақпарат
Алматылық қос азаматтың жазасы жеңілдетілді
- 30 тамыз, 2024
Президент эстрада әншісін «Барыс» орденімен марапаттады
- 22 шілде, 2024
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді