Басты жаңалық
2015 жылы Қазақстанда 8 мың «Шкода» көлігі шығарылады
- author «Ақ жол»
- 27 қараша, 2014
- 645
2015 жылы Қазақстанда 8 мың «Шкода» көлігі шығарылады
Қазақстанда 8 мың «Шкода» көлігі шығарылады. Бұл туралы бүгін Ақордада Чехия Президенті Милош Земанмен келіссөздерден кейінгі бірлескен мәлімдемеде Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев айтты. Қазақстан мен Чехия арасындағы экономикалық ынтымақтастықтың табысты да мысалдары бар екендігін баса айтқан Елбасы: «Машина жасау саласында өте терең іскерлік байланыстар бар екендігін атап өткім келеді. Ол - «Шкода» көлігін шығаратын «Азия авто». Бірлескен жұмыстар қолға алынған кезеңде 15 мың автомобиль шығарылды. Тек келесі жылдың өзінде ғана 8 мың автомобиль шығаруды жоспарлап отырмыз», - деді. Сонымен қатар ҚР Президентінің атап өтуінше, екі елдің арасында үкіметаралық комиссия жұмыс істеуде. Жалпы, Қазақстан мен Чехияның бірлесіп жұмыс істеуі үшін әлі де болса көптеген сала бар. «Мен Президент мырзаға Қазақстанның индустрияландырудың екінші фазасына кіріскенін айттым. Онда ондаған миллиард доллар игерілетін болады. Оған чех компаниялары да қатыса алады», - деді Мемлекет басшысы.
Ұқсас жаңалықтар
«Таза Қазақстан»: биыл 800 мың тонна қоқыс қалдығы жиналды
- 4 желтоқсан, 2025
«Заң мен тәртіп – біздің ұстаным» тақырыбында адалдық сағаты өткізілді
- 3 желтоқсан, 2025
Ақпарат
Шаруалардың маңдай тері ақталатын күн жақын
- 25 қыркүйек, 2025
Әлемде транзит үшін бәсеке күшейіп бара жатыр – Тоқаев
- 8 қыркүйек, 2025
Цифрландыру пойыздың кешікпеуіне көмектесе ме?
- 21 тамыз, 2025
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




