Басты жаңалық
Ердоғанның ұсынысымен Кубада мешіт салынатын болды
- author «Ақ жол»
- 27 қараша, 2014
- 812
Ердоғанның ұсынысымен Кубада мешіт салынатын болды
Түрік елінің басшысы Реджеп Тайып Ердоған жақында Американы алғаш ашқан мұсылмандар екенін мәлімдеп, сол жерде неге мешіт салмасқа деген ұсыныс тастаған болатын. Аталмыш ұсыныс аяқсыз қалмай, Куба мұсылмандары жамағатына мешіт құрылысы үшін жер бөлінгені белгілі болды.
Мешіт құрылысы үшін Гавананың тарихи бөлігінен 5 акр жер телімі бөлініп, құлшылық ордасының ойдағыдай бой көтеруіне Түрік дін істері басқармасы жауапты болып бекітілді. Екі ел арасындағы келіссөздерді жүргізген Түрік мекемесінің төраға орынбасары Мұстафа Туткиннің айтуынша, түріктер салынатын мешіттің жалпы сәулеті Ыстамбұлдағы Ортакейге ұқсатуды ұсынған.
Ұқсас жаңалықтар
Ақпарат
Нарша
- 2 наурыз, 2026
Жамбылдың жауһар жырлары
- 26 ақпан, 2026
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




