Лондонның орталығындағы Hyatt Regency London бесжұлдызды отелінде газ жарылды.
Газ қонақ үйдің асхана бөлмесінде жарылған. 14 адам зардап шекті. Алтауына оқиға орнында медициналық көмек көрсетілді, қалғандары жақын маңдағы ауруханаға жеткізілді. Олардың жарақаттары аса ауыр емес. Газ жарылысынан отель ғимаратына айтарлықтай зақым келді. Мұндағы адамдар түгел эвакуацияланды. Қазір оқиғаның себептері анықталып жатыр. Алдын ала мәлімет бойынша, жарылыс тұрмыстық газ құбырының тесілуінен болуы мүмкін. Портман-сквер алаңындағы оқиға орнында полиция, өрт және медицина қызметтерінің 100-ден астам өкілі жұмыс істеді. Санитарлық авиацияның ұшағы да шақыртылды.
Ұқсас жаңалықтар
Ақпарат
Нарша
- 2 наурыз, 2026
Жамбылдың жауһар жырлары
- 26 ақпан, 2026
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




