Жүйелі жұмыс қана нәтижеге жетелейді
Алдағы жұмысты жүйелі жүргізу мақсатында аудан әкімдігіне қарасты бөлім басшыларын алғашқы күннен жеке-жеке қабылдап, жұмыс жоспарын нақтылауды қолға алдық. Ең алдымен сәулет, қала құрылысы және құрылыс бөлімі мен тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімдерінің қолға алған жобаларын талқылап, шешімін күткен мәселелерді уақыт оздырмай шешудің тетіктерін қарастырдық.
Қала тұрғындары мен ауылдықтарды алаңдатқан жарық, ауыз су және кәріз жүйелеріне байланысты мәселелерді рет-ретімен шешудің жолдары талқыланды.
Одан бөлек, тұрғын үй инспекциясы бөліміне қатысты түйткілдер де назардан тыс қалмайтын болады.
Әсіресе, жөндеуді қажет ететін көпқабатты тұрғын үйлерге талдау жасау, күрделі жөндеуге жобалық-сметалық құжаттар әзірлеу, тұрғын үйлерге газ жүргізу сынды жұмыстарды дер кезінде орындау мәселесі де қаралды.
Шу ауданының баспасөз қызметі
Ұқсас жаңалықтар
Әлеуметтік игіліктерді әділ бөлетін жүйе құрылады
- 19 қаңтар, 2026
Күн сайын көркейген Қаратау
- 19 қаңтар, 2026
Ақпарат
Шаруалардың маңдай тері ақталатын күн жақын
- 25 қыркүйек, 2025
Әлемде транзит үшін бәсеке күшейіп бара жатыр – Тоқаев
- 8 қыркүйек, 2025
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




