Әскери дәрігерлердің жалақысы артады
Үкімет олардың табысын азаматтық медицина қызметкерлерінің жалақысымен теңестірмек.
Үкімет басшысы Әлихан Смайылов сенат депутаттарының сауалына берген жауабында әскер дəрігерлері мен азаматтық денсаулық сақтау ұйымдары қызметкерлерінің еңбегіне ақы төлеудегі теңсіздікті жою шаралары қолға алынғанын хабарлады. Атап айтқанда, әскер дәрігерлерінің еңбекақысын азаматтық медициналық мекемелер медициналық қызметкерлерінің жалақысы деңгейіне дейін арттыру көзделген.
Еске салайық, бұл мәселені 2022 жылдың желтоқсанында сенат депутаттары да, мәжіліс депутаттары да көтерген болатын.
"6-7 жыл еңбек өтілі бар әскери дәрігер барлық жәрдемақыларымен қосқанда 200 мың теңгедей ғана жалақы алады. Ал ол кәдімгі дәрігерге қарағанда екі есе аз", – деген еді сол кездегі мәжіліс депутаты Екатерина Смышляева.Сондай-ақ, үкімет басшысының жауабынан əскери қызметшілерге бастапқы жарнасыз ипотекалық кредит беру бағдарламасы əзірленіп жатқаны белгілі болды.
"Президент әкімшілігінің тапсырмасы бойынша Үкімет тұрғын үй төлемін жүзеге асыру бойынша қолданыстағы тəсілдерді қайта қарайды. Арнайы құрылған жұмыс тобы тұрғын үй төлемін азайтуға бағытталған кешені шараларды әзірлейді", – делінген Әлихан Смайыловтың жауабында.
Ұқсас жаңалықтар
Жамбыл облысында 46 көпқабатты тұрғын үй салынуда
- 1 желтоқсан, 2025
Жазушыға 100 сұрақ: Көсемәлі Сәттібайұлы оқырманмен кездесті
- 20 қараша, 2025
Ақпарат
Шаруалардың маңдай тері ақталатын күн жақын
- 25 қыркүйек, 2025
Әлемде транзит үшін бәсеке күшейіп бара жатыр – Тоқаев
- 8 қыркүйек, 2025
Цифрландыру пойыздың кешікпеуіне көмектесе ме?
- 21 тамыз, 2025
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




