Автонесие бағдарламасы 6 ақпанда басталады. Қалай онлайн өтініш беруге болады?

Автонесие бағдарламасы 6 ақпанда басталады. Қалай онлайн өтініш беруге болады?
ашық дереккөз
Автонесие бағдарламасы 6 ақпанда басталады. Қалай онлайн өтініш беруге болады?

Платформада 761 өтініш беруші тіркеленнен кейін өтінімдерді қабылдау автоматты түрде тоқтатылады.

"Өнеркәсіпті дамыту қоры" АҚ жеңілдетілген автонесиелеу бағдарламасы бойынша өтінімдерді қабылдау платформасын іске қосады. Өтінімдер 6 ақпанда сағат 10.00-ден бастап www.autonesie.kz ресми сайтында қабылданады. Өтінім беру үшін ЭЦҚ талап етіледі, сондай-ақ автоөндірушілерді алдын ала таңдау шарт. Платформада тек Қазақстан аумағында тіркелуге болады. Сайтта өтінім берген кезде өтініш берушінің деректері автоматты түрде ЭЦҚ арқылы қалыптасады. Өтініш беруші телефон нөмірін енгізіп, автоөндірушіні таңдап, өтінімге қол қоюы керек. Өтінімнің тіркелу фактісін "Жеке кабинет" арқылы тексере алады.
"Платформа тек бағдарламаға қатысушылардың пулын жасайды. Дилерлік орталықтарда автокөлікті және банктерде кредит беру кезектілігін анықтамайды. Өтінім бергеннен кейін автоөндірушіні өзгерту мүмкін емес", – делінген хабарламада.
Жеңілдетілген автонесиелеу бағдарламасы 2022 жылдың мамыр айында бастау алды. Оны іске асыру үшін екінші деңгейдегі банктерге 100 млрд теңге бөлінді. Бұл қаражатқа 12,6 мыңнан астам автомобиль сатып алынды. Автокредиттің орташа мөлшері – 7,8 млн теңге.
Қолданыстағы автокредиттерді өтеуден жинақталған қаражат көлемі 7,6 млрд теңгені құрайды. Сол себепті пилоттық платформа іске қосылғанда 761 өтініш беруші тіркеле алады. Содан кейін платформада өтінімдерді қабылдау автоматты түрде тоқтатылады. Одан кейін платоформада ай сайын жүзден астам өтініш беруші тіркеледі.

Ұқсас жаңалықтар