Басты жаңалық
ҚР ТЖМ төтенше жағдайлардың алдын алу саласындағы шетелдік төтенше ведомстволардың кезекші қызметтерімен тәулік сайын өзара іс-қимыл жасайды
- author «Ақ жол»
- 31 қаңтар, 2023
- 599
ҚР ТЖМ төтенше жағдайлардың алдын алу саласындағы шетелдік төтенше ведомстволардың кезекші қызметтерімен тәулік сайын өзара іс-қимыл жасайды
ТЖМ Дағдарыс жағдайлардағы басқару орталығында бекітілген келісімдерге, регламенттерге және ақпараттық өзара іс-қимыл алгоритмдеріне сәйкес басқа елдерді азаматтық қорғау саласындағы құзыретті органдармен ведомствоаралық және мемлекетаралық өзара іс-қимылды ұйымдастыру бойынша жұмыс белсенді жүзеге асырылуда, деп хабарлайды ҚР ТЖМ баспасөз қызметі. Бүгінгі күні ТМД-ның бірқатар мемлекеттерінің кезекші қызметтерімен - Өзбекстан Республикасы, Қырғызстан Республикасы, Тәжікстан Республикасы, Беларусь Республикасы, Ресей Федерациясы, сондай-ақ ҚХР-мен ақпараттық алмасу ұйымдастырылды.
Жасалған келісімдер негізінде шет елдердің төтенше ведомстволарының кезекші қызметтерімен төтенше жағдайлардың, оның ішінде трансшекаралық сипаттағы қауіп-қатерлер немесе олардың туындауы туралы ақпарат алмасу бойынша жедел өзара іс-қимыл жүргізіледі.
Жедел-кезекші қызметтер арасында күн сайын мынадай бағыттар бойынша жедел ақпарат алмасу жүргізіледі: байланыс арналарын техникалық тексеру, Жерді қашықтықтан зондтау арқылы анықталған табиғи өрттердің ошақтарын анықтау, трансшекаралық аумақтарда іздестіру және авариялық-құтқару жұмыстары, автожолдардағы оқиғалар (автокөліктің бұзылуы, авариялар, жол-көлік оқиғалары) және анықтамалық мәліметтерді беру.
Трансшекаралық аумақтардағы өрттер кезінде байланыс арналары арқылы жедел ақпарат берудің оң мысалдары бар. Мәселен, өрт қауіпті кезеңде Батыс Қазақстан облысы ТЖД ДЖБ жерді қашықтықтан зондтау арқылы анықталған табиғи өрттер/жану ошақтарын анықтау бойынша күнделікті мониторинг жүргізді, онда Ресей Федерациясының шекаралас аумақтарында табиғи өрттер мен жануды жою үшін Ресей Федерациясы ТЖМ аумақтық бөлімшелеріне берілген 12 өрт ошағы анықталды. Сондай-ақ, Қостанай облысындағы табиғи өрттер туралы жедел ақпарат алу мақсатында Ресей ТЖМ ҰДЖБО-мен Жерді қашықтықтан зондтаудың ғарыштық суреттерін ұсыну бойынша жұмыс жолға қойылды.
Төтенше жағдайлар мен оқиғалар бойынша қалыптасқан жедел жағдайды нақтылау және ақпарат алмасу қолданыстағы ақпараттық-коммуникациялық ресурстар мен жедел байланыс арналарын пайдалана отырып, тәулік бойы жүзеге асырылады.
Ұқсас жаңалықтар
Жамбылдық энергия паркіне кадрларды шетелдік оқу орны даярлайды
- 8 желтоқсан, 2025
Тоқаев отандық үздік тауар өндіруші кәсіпкерлерді марапаттады
- 5 желтоқсан, 2025
Ақпарат
Шаруалардың маңдай тері ақталатын күн жақын
- 25 қыркүйек, 2025
Әлемде транзит үшін бәсеке күшейіп бара жатыр – Тоқаев
- 8 қыркүйек, 2025
Цифрландыру пойыздың кешікпеуіне көмектесе ме?
- 21 тамыз, 2025
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




