Баға тұрақтылығы бақылауда
Бүгінгі таңда елімізде азық-түлік өндірісін ұлғайту және оның қауіпсіздігі мен қолжетімділігін қамтамасыз ету басты міндет. Ал нарықтық экономиканың қарқын алған кезінде асыраушы саланы дамыту арқылы халықтың әл-ауқатын көтеру де күн тәртібіндегі тұрақты мәселелердің біріне айналғаны заңдылық. Осыған орай, аудан әкімдігі кәсіпкерлік және өнеркәсіп бөлімі тарапынан ауданда ішкі нарыққа талдау жасалып, бағаларды негізсіз көтеру фактілерін алдын алу шаралары мен зерделеу жұмыстары күнделікті жүргізіледі.
Бұдан бөлек, кәсіпкерлермен кездесулер өткізіліп, әлеуметтік желілер мен жергілікті басылымда баға тұрақтылығына байланысты ақпараттар ұдайы жарияланып тұрады. Нәтижесінде, ауданда әлеуметтік маңызы бар 19 түрлі тауардың құны шекті бағадан асқан жоқ. Ал қалған тауарлар ортаңғы деңгейде қалыптасып отыр. Тұрғындардың тұрмыс сапасының басты факторларының бірі – азық-түліктің қолжетімділігі мен сапасын қамтамасыз ету, бағаның тұрақтылығы мен оны тежеу жұмыстары тұрақты бақылауда.
Бауыржан ТӨЛЕНДИЕВ,
аудан әкімдігі кәсіпкерлік және өнеркәсіп бөлімінің басшысы.
Жамбыл ауданым
Ұқсас жаңалықтар
Жамбыл облысы әкімі аппараты басшысының жаңа орынбасары тағайындалды
- 20 қыркүйек, 2024
АЭС – маңызды шешімдер кезеңі
- 20 қыркүйек, 2024
Ақпарат
Алматылық қос азаматтың жазасы жеңілдетілді
- 30 тамыз, 2024
Президент эстрада әншісін «Барыс» орденімен марапаттады
- 22 шілде, 2024
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді