Саяси науқанға дайындық барысы пысықталды
Жуырда ғана Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы ҚР Парламент Мәжілісі мен облыстық және аудандық мәслихат депутаттарының кезектен тыс сайлауы өтетіндігін айтқан болатын. Бұл ретте, жергілікті жердегі атқарушы биліктің саяси науқан алдындағы дайындығы үлкен маңызға ие. Сол себепті де бүгінгі аппараттық кеңесте өңірдегі сайлау учаскелерінің дайындығы мен аудан тұрғындарының саяси науқаннан тыс қалмауына қатысты мәселелер жан-жақты қаралып, талқыланды.
Одан бөлек, үстіміздегі жылдың ақпан айында аудандағы 4 ауылдық округтің әкімдері сайланбақ.
Осыған орай, жергілікті тұрғындарды ақпараттандыру жұмыстары да жоғары деңгейде ұйымдастырылуы қажет. Кеңес барысында мүмкіндігі шектеулі азаматтардың да саяси науқаннан шет қалмауы, өзге де сайлаушыларға ыңғайлы жағдай жасау сынды мәселелер қаралды.
Ұқсас жаңалықтар
Жамбыл облысы әкімі аппараты басшысының жаңа орынбасары тағайындалды
- 20 қыркүйек, 2024
АЭС – маңызды шешімдер кезеңі
- 20 қыркүйек, 2024
Ақпарат
Алматылық қос азаматтың жазасы жеңілдетілді
- 30 тамыз, 2024
Президент эстрада әншісін «Барыс» орденімен марапаттады
- 22 шілде, 2024
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді