Су тасқынының алдын алу

Су тасқынының алдын алу
ашық дереккөз
Су тасқынының алдын алу
Жуалы ауданында орналасқан су қоймалардың техникалық жағдайын зерделеу жұмыстары жүргізілді. Жуалы ауданы әкімінің орынбасары А.Б. Жабағы, Жуалы ауданы Төтенше жағдайлар бөлімінің бастығы Әміров.Е.Ш.,​ «Жамбыл су қоймалары» КММ-нің « Жамбыл-Жуалы» бөлімшесінің инженер-гидротехнигі Дәуірбаев М., аудан​ әкімінің​ бас инспекторы Жексекеева Б.Х., Жетітөбе ауылдық округінің әкімі Беделбеков Қ.М., Жуалы ауданында орналасқан су қоймалары мен су тоғандарының қазіргі жағдайын​ зерделеді. Ағымдағы жылдың ақпан айында ауа райы күрт (ауа температурасы +5 +10) өзгеруі болжамына сәйкес және қалын жауын шашу жауына байланысты, ауылдық округ әкімдеріне және тиісті мекеме басшыларына су тасқыны мерзімінде өткізілетін дайындық іс-шараларының жоспарына сәйкес жұмыстарды ұйымдастыруы және орындалуы, қысқы және көктемгі су тасқынынан туындайтын төтенше жағдайлардың қауіпін азайту мен алдын алу мақсатында, елді мекендерді су басу қауіпінен қорғау үшін көпірлер, каналдар, арықтар т.б. су өткізу құрылыстардын тазалануын және жағдайын қатаң бақылауға алуы тапсырылды. ​ Сонымен қатар,​ мекеме басшыларының және аудан тұрғындарының назарына су тасқыны мерзімінің алдында ғимараттардың, үйлердің айналасындағы арық-атыздарды уақытылы тазалауын және үйлердің шатырларын қардан тазалауын ескертіледі. Су тасқынының алдын алу, төтенше жағдайлардың қауіпін азайту өз қолымызда.

Ұқсас жаңалықтар