367 ауыл жоғары жылдамдықты интернетке қосылған
Облыста 2025 жылға дейін 74 елді мекен талшықты-оптикалық байланыс желісімен қамтамасыз етіледі. Бұл туралы цифрлық технологиялар басқармасының басшысы Руслан Нохрабеков айтты. Облыс әкімінің орынбасары Ерболат Ибрайхановтың төрағалығымен өткен кеңесте басқарма басшысы салада атқарылған жұмыстар туралы есеп берді. Руслан Нохрабековтің айтуынша, облыста бүгінгі таңда 367 ауылдық елді мекеннің 150-і жоғары жылдамдықты 4G мобильді интернетімен қамтамасыз етілген. Облыстағы барлық 371 елді мекеннің 72-сі – 2G, 140-ы – 3G төмен жылдамдықты мобильді интернетімен қамтылған. 5 елді мекен мобильді байланысқа қосылмаған.
– 186 елді мекен талшықты-оптикалық байланыс желісімен қамтамасыз етілмеген. Осыған орай, 2025 жылға дейін ауылдық елді мекендерді талшықты-оптикалық байланыс желісімен қамтамасыз ету бойынша әзірленген Жол картасына сәйкес 74 елді мекенде қосу жұмыстары жүзеге асады, – деді Руслан Нохрабеков.
ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі тарапынан «Қолжетімді интернет» ұлттық жобасын іске асыру жоспарлануда, аталған жобаға 119 елді мекен ұсынылды.
Жиын қорытындысы бойынша жауапты сала мамандарына нақты тапсырмалар жүктелді.
Ұқсас жаңалықтар
Жамбыл облысы әкімі аппараты басшысының жаңа орынбасары тағайындалды
- 20 қыркүйек, 2024
АЭС – маңызды шешімдер кезеңі
- 20 қыркүйек, 2024
Ақпарат
Алматылық қос азаматтың жазасы жеңілдетілді
- 30 тамыз, 2024
Президент эстрада әншісін «Барыс» орденімен марапаттады
- 22 шілде, 2024
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді