«Газет – халықтың көзі, құлағы һәм тілі. Адамға көз, құлақ, тіл қандай керек болса, халыққа газет сондай керек»
Ахмет Байтұрсынов

Шаруалардың жұмысын ширатуды тапсырды

Шаруалардың жұмысын ширатуды тапсырды
ашық дереккөз
Шаруалардың жұмысын ширатуды тапсырды
Облыс әкімінің орынбасары Қанатбек Мәдібек Жуалы ауданына іссапармен барды. Онда алдағы көктемгі дала жұмыстарына дайындық жұмыстары талқыланып, мәселелер айтылды. Ең алдымен аудан әкімі Жалғас Мұртаза Жуалының әлеуметтік-экономикалық көрсеткіштеріне тоқталып, алдағы жоспарларды тілге тиек етті. Жалғас Әлижанұлының айтуынша, былтыр ауданның жалпы өнімі 83 миллиард 938,2 миллион теңгені құрап, 2021 жылмен салыстырғанда 24,5 пайызға артық орындалған. Өнеркәсіп саласында 14 миллиард 695,1 миллион теңгенің өнімі өндіріліп, нақты көлем индексі 100,2 пайызды құраған. – Жалпы даму жоспары аясында ауыл шаруашылығы және өнеркәсіп саласында 66 жобаны іске асыру жоспарланып отыр, жобаларды іске асыру барысында 268 тұрақты жұмыс орны құрылады. 44 бюджеттік инвестициялық жобаны жүзеге асыру арқылы 101 жұмыс орны ашылмақ, сонымен қатар «Кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі» ұлттық жоба аясында іс-шаралар өткізіліп, 1 189 адамды жұмыспен қамту жоспарланып отыр,–деді Жалғас Мұртаза. Өз сөзінде аудан әкімі пилоттық жоба аясында атқарылып жатқан жұмыстар мен алдағы жоспарларды да тілге тиек етті. Жиын барысында Қарасаз ауылдық округінің әкімі Жанар Нұрмұратқызы тұқымның сапасын бақылауға қатысты сұрақ қойды. «Шаруалар егін егу барысында тұқымдарды алдын ала зертханадан өткізуі қажет. Дегенмен ауыл аумағындағы 238 шаруа қожалықтың он пайызы ғана тұқымдарын зертханадан өткізеді. Көп шаруалар тұқымды зертханадан өткізуге құлықсыз. Осы ретте шаруаларға тұқымды зертханадан өткізу талап етілсе», деді ол. Қанатбек Қайшыбекұлы тұқымдардың репродукциясы болмаса егілмеуі қажет екенін айта келе, аталған мәселе бойынша жауапты мамандарға тапсырма берді. Жиынға қатысушыларды алаңдатқан басты мәселе 2,5 пайыз несие алу жолдары мен техникаға қатысты болды. – Мемлекеттік бағдарламалар аясында жүргізіліп жатқан жұмыстарды бақылауға алуымыз керек, өзгерістер міндетті түрде енгізілуі қажет. Көктемде барлық жер толық пайдаланылуы тиіс. Шаруа қожалықтармен жеке-жеке жұмыс істеу керек. Халықпен кері байланыс жақсы болса, кейбір идеялары бар кісілердің ойларын, жоспарларын біліп, жол көрсетуге жеңіл болады. Жуалы ауданы үлкен жолдың бойында тұр. Жері құнарлы, барлық кәсіп түріне ыңғайлы. Мәселен, Сайрам ауданы, Қарабұлақ ауылында осыдан он жыл бұрын тек мал базары ғана бар болатын. Қазір онда көпқабатты қора салып жатыр. Сол секілді біз де бар мүмкіндікті пайдалана отырып, оны жетілдіре түсудің жолдарын да қарастыруымыз қажет, – деді Қанатбек Мәдібек. Басқосу барысында облыс әкімінің орынбасары шаруалардың мәселелерін тыңдап, асыраушы саланы дамыту бағытында жауаптыларға нақты тапсырмалар жүктеді.

Нұржан ҚАДІРӘЛІ

Жуалы ауданы

Ұқсас жаңалықтар