Қоғам
Қазақстанда көктемгі егіс жұмыстарын қаржыландыруға фермерлерден өтінім қабылдау басталды
- author «Ақ жол»
- 26 қаңтар, 2023
- 371

Қазақстанда көктемгі егіс жұмыстарын қаржыландыруға фермерлерден өтінім қабылдау басталды
2023 жылы республикалық бюджеттен көктемгі егіс жұмыстарын қаржыландыруға 140 млрд теңге бөлінді, деп хабарлайды ҚР АШМ баспасөз қызметі.
Несиелеуді «Аграрлық несие корпорациясы» АҚ (АНК) жүзеге асырады. АНК филиалдарында агроөнеркәсіптік кешен субъектілерінен өтінімдерді қабылдау биылғы жылдың қаңтар айында басталды.
«Аграрлық несие корпорациясына» қаржыландырудың жалпы сомасы 70 млрд теңгеден екі траншпен жіберілетін болады. Бірінші транш қазір аударылды, екінші транш ақпан айында жіберіледі.
Қаржыландыру АӨК субъектілеріне тікелей кредит беру арқылы, сондай-ақ кредиттік серіктестіктерді, екінші деңгейдегі банктерді және микроқаржы ұйымдарды қорландыру арқылы жүзеге асырылады. АӨК субъектілері үшін сыйақы мөлшерлемесі:
- банктік кепілдікпен тікелей кредиттеу кезінде жылдық мөлшерлеме 1,5% - дан аспайды;
- кредиттік серіктестіктер, микроқаржы ұйымдары, екінші деңгейдегі банктер қаржыландырған кезде жылдық мөлшерлеме 5%-дан аспайды.
2023 жылы бағдарламаның шарты бойынша кредиттеу мерзімі келесі жылдың көктемінің басына дейін ұзартылды, ал бұрын кредиттеу мерзімі қаржыландыру жылымен шектеліп келген болатын.
Бюджеттік қаржыландыру есебінен кемінде 2 млн га егіс алқабын қамту жоспарланып отыр.
Ұқсас жаңалықтар
Жазушы Кемел Тоқаев өмірінің ащы шындығы
- 19 сәуір, 2025
Ерлік пен еңбекқорлықтың үлгісі болған
- 19 сәуір, 2025
Ақпарат
Ақсақалдар тағылымы – адам қоғамның кепілі
- 18 сәуір, 2025
ҚАЖ қызметкерлері көпбалалы отбасыны қуантты
- 15 наурыз, 2025
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді