Құс шаруашылығы дами түспек
Облыс әкімі Нұржан Нұржігітов «Алель Агро» АҚ өкілдерімен кездесті. Кеңеске бірқатар аудандар мен облыс орталығының әкімдері онлайн режимде қатысты. «Алель Агро» АҚ Жамбыл облысында ет бағытындағы құс шаруашылығын дамыту бойынша инвестициялық жобаны жүзеге асыруда. Жиын барысында құс етін өңдейтін фабрика мен жем зауыты құрылысының жобасы, жер телімдерін бөлуге қатысты мәселелер талқыланды. Фабриканың жобалық қуаты – жылына 49500 тонна құс етін өндіру.
Бүгінде Байзақ ауданында қуаттылығы сағатына 20 тоннаны құрайтын жем зауыты іске қосылған.
Сондай-ақ компания келісімшарттық негіздегі шаруашылықты да дамытуды көздеп отыр.
– Біздің ортақ мақсатымыз – құс кластерін қалыптастыру, ішкі нарықты сапалы өніммен қамтамасыз ету, сонымен қатар экспорттық әлеуетті арттыру, – деп түйіндеді аймақ басшысы.
Нұржан Нұржігітов аудан әкімдеріне, ауыл шаруашылығы басқармасына және «Тараз» әлеуметтік кәсіпкерлік корпорациясына нақты тапсырмалар жүктеді.
Облыс әкімінің баспасөз қызметі.
Ұқсас жаңалықтар
Жарқын жобалар – берекелі істің бастауы
- Бүгін, 02:59
Өңір өндірісі еселеп артқан жылдар
- 16 желтоқсан, 2024
Ақпарат
Жамбылда заңсыз берілген жер учаскелері қайтарылды
- 25 желтоқсан, 2024
Жамбыл облысы: гранттар арқылы оң өзгерістер жасаудың жаңа мүмкіндіктері
- 25 желтоқсан, 2024
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді