Ұрғылап ұта берсем, Жұмарлап жұта берсем, Қатыр-құтыр шайнасам, Тоқсан табаққа тоймасам, Жапырақтай жалмасам, Апжыландай арбасам, Үй деген соң үйе берсем, Қос-қосынан кие берсем, Қаптап алсам, Топтап алсам. Кеміре берсем, Жеміре берсем, Сіміре берсем, Семіре берсем. Бәрін өзіме, Нәрін өзіме «Әкел! Әкел!» деп, Еміне берсем. Түйені тобығымен жұтсам – Қақалмасам. Түк болмағандай Қақаңдасам. Таласа қалса, Тартып алсам, Жанаса қалса, Қарпып қалсам, Пара берсе, Ала берсем, Емізікше Сора берсем. Ортан жілікті Опыра жесем, Шайқап-төгіп Сапыра ішсем, Қойны-қоншыма Қымқыра берсем, Ышқырыма дейін Жымқыра берсем, Айналамды Айпап-жайпасам, Көл суын да шайқасам, Мен жұтқанда, Оппадай обып жатқанда, Өзгелер Өртене қызғанып, Тамсана қараса. Таласа-тармаса Жұғынын ғана Жаласа!.. * * * Болса сөзі одағай, Болса өзі қомағай, Күдікпенен қарайық, Сілкіп-сілкіп алайық.
Ұқсас жаңалықтар
Бейбітшілік – баянды бақыттың бастауы
- Бүгін, 15:32
«Қазақстанға үнемі келгім келетін еді»
- Бүгін, 15:24
Ақпарат
ЖИ: шетелде қалай, бізде қалай?
- 31 наурыз, 2026
Тұрғындарға тегін құқықтық көмек көрсетілді
- 31 наурыз, 2026
Зейнетақы жинағын мерзімінен бұрын алудың талабы қандай?
- 31 наурыз, 2026
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




