«Тоқым қағар»
Ғалым болса біреулер Қырық жылдай жан қинап, Ептілердің қатыны Бір «қаққанда тоқымын», Болып шығар кандидат.
Жарағашта
Жарағашта курорт бар, Қандай деген сұрақ бар. Суын ішіп сауығасың, Асын ішіп ауырасың.
Ит
Шынжырда тұрса да, Өзін «ер» санайды. Қожасы ұрса да, Табанын жалайды.
Мансапқордың «монологы»
Қармақ сал да Жайын ал, Басын сорасың. «Қатын алма, Қайын ал» – Бастық боласың.
Күліп тұрып
Опасызды дос көрме, Үмітпенен босқа ерме. Күліп тұрып мұртынан, Үріп тұрар ұртынан.
Ана тілін ұмытқанға
Кемсініп өз тіліңді, Өзге тілде сарнапсың. Шырқайтын өз үнінде Торғай ғұрлы болмапсың.
«Шешен»
Сөйлегісі келгенде, Жедел еді желден де. Қырық минут қызады, Қырық минут қозады, Қырық минут қырланып, Өзін тағы баптайды. Қалмағанда бір адам, Сонда бір-ақ тоқтайды.
Ұқсас жаңалықтар
Бейбітшілік – баянды бақыттың бастауы
- Бүгін, 15:32
«Қазақстанға үнемі келгім келетін еді»
- Бүгін, 15:24
Ақпарат
ЖИ: шетелде қалай, бізде қалай?
- 31 наурыз, 2026
Тұрғындарға тегін құқықтық көмек көрсетілді
- 31 наурыз, 2026
Зейнетақы жинағын мерзімінен бұрын алудың талабы қандай?
- 31 наурыз, 2026
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




