
Әуесқой балықшылар бас қосты
Жуырда «БАЛЫҚ FEST SHU» қоғамдық бірлестігі мен аудан әкімдігінің дене шынықтыру және спорт бөлімінің ұйымдастыруымен көрнекті мемлекет қайраткері, Дінмұхамед Меңліахмедұлы Қонаевтың 111 жылдығына орай жастар арасында балық аулау мәдениетін қалыптастыру, әуесқой балықшылар арасында өзара тәжірибе алмасу, табиғи ресурстарды ұқыпты пайдалану, салауатты өмір салтын насихаттау мақсатында мұз үстінде балық аулаудан «БАЛЫҚ FEST SHU» аудандық турнирі өтті. Турнирге Д.А.Қонаев атындағы Халықаралық қорының Вице Президенті Шатырхан Керімбеков, сондай-ақ атаулы қордың қамқоршылық кеңесінің мүшесі Қалдарбек Срайылов арнайы келіп қатысты. Алматылықтар Д.А.Қонаев атындағы халықаралық қорының Президенті Эльдар Асқарұлы аталған қордың сый-сияпаттарын тапсырды. Сонымен қатар аудан әкімінің орынбасары Бақыт Бетпаев жаңадан құрылған «БАЛЫҚ FEST SHU» қоғамдық бірлестігінің мүшелеріне табыс тіледі. «JAMBYL» телеарнасының директоры Гүлбаршын Құланбаева да құттықтау сөзін жеткізіп, іс-шараға арнайы қатысты. Турнир соңында жарысқа қатысушылар мен өз үлестерін қосқан азаматтарға сыйлықтар мен медальдар, кубоктар тапсырылды.
Табиғат аясында бас қосқан көпшілік өздерін қызықтырған тақырыптар аясында пікірлесіп, өңірде балық шаруашылығын дамыту, спорттық іс-шараларды жиі ұйымдастыру төңірегінде ойларымен бөлісті. Енді бұл іс-шара жаз айында ұйымдастырылатын болады.
Ерман ӘБДИЕВ
Шу ауданы.
Ұқсас жаңалықтар
ІТ мамандығына қызығатын жастарға бағыт-бағдар береді
- 3 шілде, 2025
Айран-сүттің бұлағы болып отыр
- 3 шілде, 2025
Ақпарат
Сотқа деген сенім – бәрінен маңызды
- 1 шілде, 2025
Жамбылда ҚАЖД қызметкерлері қан тапсырды
- 14 маусым, 2025
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді