Түзеу мекемелерінде жазасын өтеп жүргендерді еңбекпен тәрбиелеу олардың дұрыс жолға түсулеріне оң әсерін тигізері сөзсіз. Сотталғандардың еңбегін ұйымдастыру бөлімшесінің басты мақсаты да сол, оларды еңбекпен қамту. Жұмыс арқылы жазасын өтеушілер алдағы жарық күндерге деген сенімділіктерін нығайтып әрі соған сай ақыларын да алады. Өңірімізде сотталғандардың еңбегін ұйымдастыру тобы жүйелі жұмыс істеуде. Мәселен, Тараз қаласы мен Байзақ ауданында орналасқан шаруа қожалықтарының, жеке серіктестіктердің басшыларымен осы бағытта кездесулер нәтижесінде келіссөздерге қол жеткізілді. Бірқатар жазасын өтеуші жан «Еңбек-Тараз», «Еңбек-Жамбыл» мекемелері мен «Темірбайлық» ЖШС-на, «Төлебекова» жеке кәсіпкерлігіне жұмысқа орналасты. Бір атап өтерлігі, жұмыс берушілер тарапынан еңбекті қорғау мен техника қауіпсіздігі шараларының сақталынуы қадағаланады. Өмірден шалыс басқан адамдарды жұмыспен қамту олардың сабырлылық, ұстамдылық қасиеттерін дамытуға, қоғамға деген оң көзқарастарын қалыптастыруға, өзін тәрбиелеуге әрі бойында бар қабілеттерінің одан әрі де ұштала түсуіне ерекше ықпал етері анық.
Марат АХАЕВ, әділет аға лейтенанты.
Ұқсас жаңалықтар
46 млн теңгенің мал ұрлығы ашылды: бақташы күдікке ілінді
- 22 сәуір, 2026
Дала сазының дариясы – Дина
- 21 сәуір, 2026
Ақпарат
ЖИ: шетелде қалай, бізде қалай?
- 31 наурыз, 2026
Тұрғындарға тегін құқықтық көмек көрсетілді
- 31 наурыз, 2026
Зейнетақы жинағын мерзімінен бұрын алудың талабы қандай?
- 31 наурыз, 2026
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




