Әулиеатаға "Асыл домбыра" келді
Бүгін Жамбыл жері үшін тарихи күн. Әулиеата жеріне "Хабар" агенттігі өткізген республикалық телеайтыстың жеңімпаз командасына берілетін “Асыл домбыра" келді. "Асыл домбыраны" Халықаралық "Хабар" агентігі АҚ басқарма төрағасы Берік Уәли, "Асыл тас" қайырымылдық қорының құрылтайшысы Дулат Тастекеев мырзалар әкеліп, табыс етті. Әуелі олар Өңірлік коммуникациялар алаңында БАҚ өкілдерімен брифинг өткізді. Жиынды облыс әкімінің орынбасары Еркін Үйсімбаев ашып, айтыс ғажайып атамұра өнер екеніне тоқталып, республикалық аламанда озып келген Қанат Мырзахан, Дархан Әбдіманат, Айтбек Тұрсынбай ақындарға алғыс білдірді. Берік Уәли "Жетіқазына" тележобасында да жамбылдық команда бас жүлде алғанын да айтты. Ал белгілі меценат Дулат Тастекеев "Асыл домбыра" және " Жетіқазына" жобаларын алдағы жылдарда да жалғастыруға демеуші бола беретінін айтты. Мұнан соң ақын Ақберен Елгезек "Асыл домбыраны" салтанатты түрде команда капитаны Қанат Мырзаханға тапсырып , екеуі домбыраны өзінің музейдегі тұғырына қойды.
Жиында облыс әкімінің орынбасары Еркін Құлымбайұлы, белгілі ақын Ринат Зайытов сөз сөйлеп, Ербол Қамбатыр аға ақ батасын берді.
Осылайша, "'Хабар" арнасы өткізген телеайтыстың тұңғыш “Алтын домбырасы” жамбылдық жүректерге бұйырды.
Абыройлы, табысты күндер көп болғай!
Есет ДОСАЛЫ
Ұқсас жаңалықтар
Көрерменді балалық шағымен қауыштырған классика
- Бүгін, 14:32
Халық театрларының халі мүшкіл
- Бүгін, 13:40
Ақпарат
«Әйелдер көшбасшылығы» тақырыбында семинар өтті
- 28 қараша, 2024
Адвокаттық сауалдан бас тартудың салдары қандай?
- 26 қараша, 2024
IQanat – жарқын болашаққа бастайтын жоба
- 28 қазан, 2024
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді