«Газет – халықтың көзі, құлағы һәм тілі. Адамға көз, құлақ, тіл қандай керек болса, халыққа газет сондай керек»
Ахмет Байтұрсынов

Мемлекеттік сатып алуда ашықтық керек

Мемлекеттік сатып алуда ашықтық керек
ашық дереккөз
Мемлекеттік сатып алуда ашықтық керек
Облыс әкімі Нұржан Нұржігітов мемлекеттік сатып алу мәселелері бойынша кеңес өткізді. Мемлекеттік сатып алу басқармасының басшысы Жайықбай Шалдаровтың айтуынша, 2022 жылы басқарма 89 миллиард теңгеге 329 лот өткізген. Нәтижесінде 3,2 миллиард теңге үнемделген. 2023 жылға арналған бекітілген даму бюджетіне сәйкес 78,6 миллиард теңгеге 394 лот өткізу жоспарлануда. Бүгінгі таңда ұйымдастыру жұмыстары мемлекеттік сатып алу басқармасына жүктелген 115 лоттың 93-і бойынша тапсырыс берушілерден өтінімдер келіп түсіп, конкурстар жарияланған. Баяндамашы мемлекеттік сатып алу саласындағы бұзушылықтарды дер кезінде жою және алдын алу мақсатында бақылау жүргізіліп жатқанын атап өтті. Аймақ басшысы күн тәртібіндегі мәселелер бойынша аудан әкімдерінің, басқарма басшыларының жауаптарын тыңдады. Облыс әкімі мемлекеттік сатып алудың бір көзден алу тәсілін тоқтату керектігін ескертті. – Мемлекеттік органдар мемлекеттік сатып алу рәсімдерінің тиімділігі мен ашықтығын қамтамасыз етуге міндетті. Бір көзден сатып алуды тоқтату керек. Сондай-ақ мемлекеттік шығындардың көлемі мен тиімділігіне бақылауды күшейту қажет, – деді аймақ басшысы. Нұржан Нұржігітов жауапты тұлғаларға нақты тапсырмалар жүктеп, заңбұзушылықтарды жою мерзімдерін белгіледі.  

Облыс әкімінің баспасөз қызметі.

Ұқсас жаңалықтар