Тері кестеге – 200 жыл
Кезінде апа-әжелеріміз өрнектеп кесте тіккенін бәріміз білеміз. Аудандық тарихи-өлкетану музейіндегі мына бір кесте өте ерекше. Ерекшелігі сол, ол мал терісінен өңделіп, бетіне түрлі-түсті жіптермен әрлеп тігілген. Кестенің 200 жылдық тарихы бар. Мамандардың айтуына қарағанда, кестеге сиыр малының терісі қолданылған. Оның бетінде гүлдер мен жапырақ суреті бейнеленген.
Ерекше туындыны 2010 жылдары аталған музей ашылғанда Жамбыл ауданының тұрғындары сыйға тартқан. Кестенің ұзындығы – 30, ені 30 сантиметрді құрайды.
Айдана ШОТБАСОВА,
аудандық тарихи- өлкетану музейінің қор сақтаушысы.
Байзақ ауданы.
Ұқсас жаңалықтар
Бейбітшілік – баянды бақыттың бастауы
- 30 сәуір, 2026
«Қазақстанға үнемі келгім келетін еді»
- 30 сәуір, 2026
Ақпарат
ЖИ: шетелде қалай, бізде қалай?
- 31 наурыз, 2026
Тұрғындарға тегін құқықтық көмек көрсетілді
- 31 наурыз, 2026
Зейнетақы жинағын мерзімінен бұрын алудың талабы қандай?
- 31 наурыз, 2026
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




