Денсаулық сақтаудың дидары қандай?
Биыл аймақта «Дені сау ұлт» әрбір азамат үшін сапалы және қолжетімді денсаулық сақтау» ұлттық жобасы бойынша 3 мақсатты индикатор мен 10 нысаналы көрсеткішке қол жеткізілді. Қуаныштысы сол, жылдық жоспардың өзі асыра орындалды. Олардың ішінде 1 жасқа дейінгі балаларды проактивті бақылаумен және скринингтермен қамтуды ұлғайту, ауылдық елді мекендерде, оның ішінде тірек және спутниктік ауылдарда фельдшерлік-акушерлік, медициналық пункттер мен дәрігерлік амбулаториялар ашу және жылжымалы медициналық кешендердің қызметтерімен қамтылған халықтың санын арттыру жұмыстары бар. «Үздік тәжірибе орталықтары» бүгінде Меркі, Жамбыл, Талас аудандық орталық ауруханаларында және №5 қалалық емханасында іске қосылды. Қордай аудандық орталық ауруханасында және Шу қалалық емханасында және №2 қалалық емханасында да осындай орталықтар ашылды.
Тұрғындарға шұғыл, жоғары технологиялық медициналық көмек кезінде алтын сағат қағидасын жоғалтпай көмек көрсету мақсатында Меркі, Талас және Шу аудандарындағы ауруханалар көпбейінді ауданаралық емдеу мекемелері болып қайта жаңғыртылды. Өз кезегінде бұл өзгеріс 340 мыңнан астам адамға ауылдағы медициналық көмектің сапасы мен қолжетімділігін арттыруға бағытталған «Ауылдық денсаулық сақтауды жаңғырту» пилоттық жобасы түзіліміне облыстың ауылдық жердегі бастапқы медициналық көмек көрсету ұйымдарының 30 нысаны енгізілді.
Дайындаған Гүлжан РАХМАН.
Ұқсас жаңалықтар
Ақпарат
Жамбылда заңсыз берілген жер учаскелері қайтарылды
- 25 желтоқсан, 2024
Жамбыл облысы: гранттар арқылы оң өзгерістер жасаудың жаңа мүмкіндіктері
- 25 желтоқсан, 2024
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді