Жаңа жылмен құттықтады
Облыс әкімінің орынбасары Еркін Үйсімбаев облыстық білім басқармасына қарасты өмірлік қиын жағдайдағы балаларды қорғау орталығына арнайы барып, бүлдіршіндерді Жаңа жылмен құттықтады. Салтанатты шара барысында Еркін Құлымбайұлы облыс әкімінің сәлемін жеткізіп, жасөспірімдер үйінің әрбір тәрбиеленушісіне жергілікті билік тарапынан қолдау болатынын жеткізді. – Сіздерді облыс басшысы Нұржан Молдиярұлының атынан ізгілікті ниетпен төрімізге енгелі тұрған Жаңа 2023 жылмен құттықтаймын. Біздің болашағымыз – егемен еліміздің өрендері де – сіздерсіздер. Келешекте бұл орталықтан түрлі сала мамандары шығатынына сенімдіміз. Ол үшін сабақтарыңызды жақсы оқып, ұстаздарыңыздың айтқанын екі етпейсіздер деп білеміз. Жаңа жыл мол шаттық, махаббат пен мейірім сыйласын, – деді Еркін Үйсімбаев.
Өз кезегінде сөз алған орталық директоры Айжан Мейірханова қонақтарға ризашылығын білдіріп, мұндағы балаларға облыс басшылығының жіті көңіл бөлетінін атап өтті. Айта кетейік, бүгінде орталықта 76 бала тәрбиеленуде.
«Aq jol»-Aqparat».
Ұқсас жаңалықтар
Жауапкершілікті күшейтетін тарихи мүмкіндік
- 12 наурыз, 2026
101 шаруаға жеңілдетілген несие берілді
- 12 наурыз, 2026
Ақпарат
Нарша
- 2 наурыз, 2026
Жамбылдың жауһар жырлары
- 26 ақпан, 2026
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




