Тағайындау
Жамбыл облысы әкімінің өкімімен Жігітеков Нұрби Рахметханұлы Жамбыл облысы әкімдігінің ауыл шаруашылығы басқармасының басшысы болып тағайындалды. Нұрби Рахметханұлы 1967 жылы Жамбыл облысы, Жамбыл ауданында туған.
1992 жылы Жамбыл гидромелиорация-
құрылыс институтын «гидромелиорация жұмыстарын механикаландыру», Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрiк университетiн «құқықтану», К.И.Скрябин атындағы Қырғыз ұлттық аграрлық университетін «агрономия» мамандықтары бойынша бітірген.
Әр жылдары Жамбыл ауданындағы «Аса» совхозының мал шаруашылығы кешенінің инженер-механигі, Жамбыл аудандық ауыл шаруашылық басқармасының инженер- механигі, бас маманы, Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Жамбыл аудандық аумақтық басқармасының жетекші маманы, бас маман-техникалық қадағалау жөніндегі мемлекеттік инспекторы, ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігі Агроөнеркәсіптік кешендегі мемлекеттік инспекция комитетінің Жамбыл аудандық аумақтық инспекциясы бастығының орынбасары, бастығы, ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігі агроөнеркәсіптік кешендегі мемлекеттік инспекция комитетінің Жамбыл облыстық аумақтық инспекциясының басшысы қызметтерін атқарған.
2021 жылғы наурыздан бастап Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Агроөнеркәсіптік кешендегі мемлекеттік инспекция комитетінің Алматы қаласы бойынша аумақтық инспекциясының басшысы лауазымында еңбек етіп келді.
Ұқсас жаңалықтар
Бейбітшілік – баянды бақыттың бастауы
- 30 сәуір, 2026
«Қазақстанға үнемі келгім келетін еді»
- 30 сәуір, 2026
Ақпарат
ЖИ: шетелде қалай, бізде қалай?
- 31 наурыз, 2026
Тұрғындарға тегін құқықтық көмек көрсетілді
- 31 наурыз, 2026
Зейнетақы жинағын мерзімінен бұрын алудың талабы қандай?
- 31 наурыз, 2026
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




