Сенат депутаттығына кандидаттарды тіркеу аяқталды
Өткен сенбіде Қазақстан Республикасы Парламенті Сенаты депутаттығына кандидаттарды тіркеу аяқталды. «Сайлау туралы заңға сәйкес 2022 жылғы 24 желтоқсанда сағат 18.00-де Қазақстан Республикасы Парламенті Сенаты депутаттығына кандидаттарды тіркеу тоқтатылды.
Осылайша кандидаттар ертеңнен бастап сайлауалды үгіт-насихат жұмысына кіріседі. Үгіт-насихат 13 қаңтарға дейін жалғасады», – деді Орталық сайлау комиссиясының төрағасы Нұрлан Әбдіров комиссия отырысында.
ОСК ұсынған мәліметке сәйкес, ел бойынша барлығы 66 кандидат тіркелді. Олардың орташа жасы – 51,8. Сенат депутаттығына үміткерлердің 69,7 пайызы – ер, 30,3 пайызы – әйел.
Еске сала кетейік, 2023 жылдың 14 қаңтарында еліміздің 20 өңірінен бір-бір Сенат депутатын сайлау өтеді. Сенат депутаттығына сайланатын әр кандидатқа бюджеттен 550 мың теңге қаражат бөлінді.
«Aq jol»-Aqparat».
Ұқсас жаңалықтар
Бейбітшілік – баянды бақыттың бастауы
- 30 сәуір, 2026
«Қазақстанға үнемі келгім келетін еді»
- 30 сәуір, 2026
Ақпарат
ЖИ: шетелде қалай, бізде қалай?
- 31 наурыз, 2026
Тұрғындарға тегін құқықтық көмек көрсетілді
- 31 наурыз, 2026
Зейнетақы жинағын мерзімінен бұрын алудың талабы қандай?
- 31 наурыз, 2026
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




