Қоғам
Жамбылдық полицейлер құқықтық сауаттылық сабақтарын өткізуде
- author «Ақ жол»
- 23 желтоқсан, 2022
- 620
Жамбылдық полицейлер құқықтық сауаттылық сабақтарын өткізуде
Желтоқсан айының басынан бері полиция қызметкерлері 500-ден астам профилактикалық түсіндіру жұмыстарын жүргізді. Тәртіп сақшылары прокуратура қызметкерлерімен бірлесіп, колледж студенттері мен жалпы білім беретін мектеп оқушыларын төбелес- жанжалдар шығармауға және басқа да құқыққа қайшы әрекеттерге бармауға, сондай-ақ алкогольдік ішімдіктер мен темекі өнімдерін тұтынбауға шақыруда. Құқықтық с ауаттылықты арттыру мақсатында полицейлер кәмелетке толмағандардың қылмыс жасағаны үшін жауапкершілік шаралары қарастырылатынын жеткізді, сондай-ақ профилактикалық мазмұндағы бейнероликтерді көрсетті.
Ба ла ларға құқық қорғау органдарының қызметкерлері көшедегі бейтаныс адамдармен қарым-қатынас кезіндегі қауіпсіздік ережелері туралы және бейтаныс адамдарға сенім білдірмеуге, егер ересектер үйде болмаса, тіпті Аяз ата есікті қағып тұрса да оларға есік ашпауға кеңес береді.
Сонымен қатар кәмелетке толмағандардың ата-аналарымен де түсіндіру жұмыстары өткізілді. Ересектерге балаларды жалғыз қалдырмауға, отшашуларды, петардаларды өз бетінше іске қосуға жол бермеуге және жарақат алмау үшін барлық қажетті қауіпсіздік шараларын қолдануға шақырды.
– Балалар мен жасөспірімдер арасындағы құқықбұзушылықтың алдын алу қоғамның негізгі міндеті. Жас кезінен бастап балалардың өз жауапкершіліктерін түсінуі және құқықтық сауаттылығын арттыруы өте маңызды. Біздің мақсатымыз–балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету және жасөспірімдер мен оларға қатысты жасалған құқықбұзушылықтардың алдын алу, – деп атап көрсетті облыстық полиция департаментінің жергілікті полиция қызметі басқармасы ювеналды полиция тобының ерекше тапсырмалар жөніндегі аға инспекторы, полиция майоры Әлішер Қалышев.
Ұқсас жаңалықтар
Таза ауыз сумен 19 елді мекен қамтылды
- 6 желтоқсан, 2025
Масылдық неге дендеп барады?
- 6 желтоқсан, 2025
Ақпарат
Шаруалардың маңдай тері ақталатын күн жақын
- 25 қыркүйек, 2025
Әлемде транзит үшін бәсеке күшейіп бара жатыр – Тоқаев
- 8 қыркүйек, 2025
Цифрландыру пойыздың кешікпеуіне көмектесе ме?
- 21 тамыз, 2025
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




