Жас домбырашылар байқауы өтті
Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев 2022 жылды «Балалар жылы» деп жариялап, оларды қорғау үшін денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қолдау бағытында нақты шаралар қолға алынуы керек екенін айтып, Үкіметке нақты тапсырма берген еді. Осы орайда Тараз қалалық ата-аналар комитеті төрайымының ұйымдастыруымен №3 мектеп-лицейінде Балалар жылы қарсаңында «Домбыра – бабалар мұрасы» қалалық жас домбырашылар байқауы ұйымдастырылды.
Өскелең ұрпақты жаһандық бәсекеге қабілетті тұлға ретінде ғана емес, өз тарихын, өткені мен бүгінін ұлықтайтын азамат ретінде тәрбиелеу басты парыз. Байқаудың мақсаты – күйшілік өнерді өскелең ұрпаққа, өнерсүйер жұртшылыққа кеңінен дәріптеу, жас таланттар мен шебер орындаушыларды табу, дарынды өнерпаздардың кәсіби шеберліктерін арттыру, музыкалық өнер саласында дарынды оқушыларды анықтау, музыкалық шеберлікті арттыру, жас музыканттардың шығармашылық әлеуетін дамыту және балалар мен жасөспірімдерді эстетикалық тәрбиелеу үшін жағдай жасау, сонымен қатар елдегі ұлттық мәдениеттің дамуын өзектендіру, отандық мәдениеттің үздік үлгілерін насихаттау.
Жас домбырашылар байқауына ардагер журналист Гульнара Есмаханова, ақын әрі журналист Ғайни Әлімбекқызы, Кенен Әзірбаев атындағы облыстық филармониясы Қазақ оркестрінің күйшісі, Республикалық домбырашылар одағының облыс бойынша төрағасы Дидар Басықараев, облыстық ата-аналар комитетінің төрағасы Ринат Даниярұлы, Тараз қаласы білім бөлімінің ата-аналар комитетінің төрайымы Ғалия Рысбаева төрелік етті.
Жүзден жүйрік шығып, о з а шапқандар «Үздік күйші», «Үздік термеші», «Үздік дәстүрлі әнші», «Үздік орке стр», «Жас күйші», «Көрермен көзайымы», «Құрманғазы атындағы жүлде», «Кенен Әзірбаев атындағы жүлде», «Үздік жетекші» номинацияларымен марапатталды.
Рухани іс-шараға Тараз қаласы білім бөлімінің басшысы Раушан Пернешқызы және Тараз қаласының білім бөлімі басшысының орынбасары Дүрия Құрмашқызы қатысып, демеушілік жасағанын, өнерпаз балаларды марапаттағандығын айта кеткен жөн.
Ақтоты ЖАҢАБАЙ,
журналист
Ұқсас жаңалықтар
Ақпарат
Жамбылда заңсыз берілген жер учаскелері қайтарылды
- 25 желтоқсан, 2024
Жамбыл облысы: гранттар арқылы оң өзгерістер жасаудың жаңа мүмкіндіктері
- 25 желтоқсан, 2024
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді