Жамбылда не жаңалық?
Жас дәрігерлер Түркияда кәсіби шеберлігін шыңдады
- author «Ақ жол»
- 22 желтоқсан, 2022
- 1.1k
Жас дәрігерлер Түркияда кәсіби шеберлігін шыңдады
Облыс әкімдігі денсаулық сақтау басқармасының қолдауымен түрік еліне біліктілік дәрежелерін жетілдіруге жіберілген аймақтағы 16 жас маман өңірімізге оралды. Аталған дәрігерлер Стамбұл қаласындағы «ISTANBUL AYDIN UNIVESITY Medical Park Florya» ауруханасында тәжірибеден өтіп қана қоймай, сондағы медициналық университет аудиторияларында дәрістер тыңдап, семинар сабақтарға қатысты. Олар бұл мемлекетте соңғы үлгідегі медициналық озық технологияларды меңгере отырып, медициналық бағыт-бағдар мен емдеу ісінің тың жолдарын үйреніп, ем-шараға қатысты жаңа әдіс-тәсілдерді зерттеуге қатысты. Әр маман өз саласында тәжірибесі мол, білікті де білімді профессор-дәрігерлердің қасында жүріп, теориялық және практикалық әдістемелерді игерді. Олардың жасаған шеберлік сыныптарына қатысып, ота жасаудың жаңаша әдістемелерін үйреніп, өз тәжірибелік білімдерін шыңдады.
Алдағы уақытта олардың әрқайсысы білімдері мен тәжірибелерін практикада қолданып, жергілікті дәрігер-хирург-тармен үйренгендерін бөлісетін болады.
Облыс әкімдігі денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі.
Ұқсас жаңалықтар
Жамбылда «Қызғалдақ мұра» халықаралық фестивалі өтті
- 25 сәуір, 2026
Ақпарат
ЖИ: шетелде қалай, бізде қалай?
- 31 наурыз, 2026
Тұрғындарға тегін құқықтық көмек көрсетілді
- 31 наурыз, 2026
Зейнетақы жинағын мерзімінен бұрын алудың талабы қандай?
- 31 наурыз, 2026
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




