Жамбылда не жаңалық?
Сақтандыру туралы заң жобасы бірінші оқылымда қабылданды
- author «Ақ жол»
- 21 желтоқсан, 2022
- 339
Сақтандыру туралы заң жобасы бірінші оқылымда қабылданды
ҚР Парламенті Мәжілісінің жалпы отырысында медицина қызметкерлерінің мәртебесін арттыруға, пациенттердің құқықтарын қорғауға және медициналық көмектің сапасын арттыруға бағытталған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне денсаулық сақтау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Заң жобасы қаралып, бірінші оқылымда қабылданды. Бұрын айтылғандай, медицина қызметкерлерін заңды және қаржылық қорғауды және пациенттердің зиянды өтеуге кепілдік берілген құқықтарын іске асыру мақсатында медицина қызметкерлерінің кәсіби жауапкершілігін сақтандыру жүйесін кезең-кезеңімен енгізу қажет. Бұл нәтижесінде көрсетілетін медициналық көмектің сапасын арттыруға мүмкіндік береді.
Құжатты ұсына отырып, Денсаулық сақтау министрі Ажар Ғиният бейінді ведомство сараптамалық қоғамдастықпен бірлесіп медицина қызметкерлерінің кәсіби жауапкершілігін сақтандырудың әртүрлі үлгілеріне талдау жүргізгенін атап өтті.
Бүгінгі күні ұсынылған міндетті сақтандырудың бейімделген моделі жұмыс істеп тұрған сақтандыру ұйымдары арқылы, сақтандырушының қаржылық жауапкершілігінің шекті көлемімен, жұмыс беруші сақтанушы болып табылатын, ал медициналық ұйым сақтандыру ұйымымен ұжымдық шарт жасасатын медициналық қызметтердің тарифтері арқылы қаржыландырумен жүзеге асырылатын болады.
«Осы модельге сәйкес шағымды қарауды арнайы комиссия сарапшылар мен мүдделі тараптарды тарта отырып, медиация элементтерін қолданып, сондай-ақ бейінді медициналық қауымдастықтарды тарта отырып жүзеге асыратын болады. Бұл кезеңде мәселе медициналық ұйымның өзінде шешілуі мүмкін», – деп түсіндірді А.Ғиният.
Пациент қызметтің шешімімен келіспеген жағдайда, шағым сараптамалық қорытынды беру үшін Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитетінің аумақтық бөлімшесінде қаралуы мүмкін. Оң нәтиже шығарылған жағдайда шағым бойынша материалдар, оның ішінде сот-медициналық сараптаманың қорытындысы бойынша медициналық ұйым сақтандырылған сақтандыру компаниясына берілетін болады, деп жалғастырды министр.
«Пациентке келтірілген зиян үшін өтемақы төлеуді сақтандыру компаниясы жүргізеді. Төлемнен бас тартқан және қанағаттанбаған жағдайда пациент сотқа жүгінуге құқылы. Сақтандыру жарнасының мөлшері қауіп дәрежесіне байланысты бекітілген актуарлық есептеулердің негізінде медицина қызметкерінің жауапкершілік дәрежесін ескере отырып айқындалатын болады», – деп атап өтті ведомство басшысы.
А.Ғинияттың айтуынша, Денсаулық сақтау министрлігі заң жобасының шеңберінде медициналық немесе фармацевтикалық қызметкердің кәсіби міндеттерін тиісінше орындамағаны үшін қылмыстық құқықбұзушылықтарды ізгілендіру және ҚР Қылмыстық кодексінің 317-бабының санкциялық шараларын төмендету жөніндегі нормаларды ұсынды. Мәселен, құжат шеңберінде айыппұл мөлшерін және денсаулыққа байқаусызда орташа және ауыр зиян келтіргені үшін қамауға алу мерзімін төмендету, пациенттің денсаулығына ауыр зиян келтірілгенде немесе қайтыс болған кезде «бас бостандығынан айыру» жаза мерзімдерін қайта қараумен «бас бостандығын шектеуге» ауыстыру ұсынылады. Сонымен қатар заң жобасы медицина қызметкерлерінің мәртебесін арттыруға және оларды әлеуметтік қолдауға, оларға құрметті атақтар беруге және 2023 жылы медицина қызметкерлерінің жалақысын көтеруді жалғастыруға бағытталған.
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасын орындау шеңберінде 2020 жылғы 27 мамырда ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің үшінші отырысында Денсаулық сақтау министрлігі «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне денсаулық сақтау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Заң жобасын әзірлегенін естеріңізге сала кетейік.
«Aq jol»-Аqparat».
Ұқсас жаңалықтар
Ақпарат
Жамбылда заңсыз берілген жер учаскелері қайтарылды
- 25 желтоқсан, 2024
Жамбыл облысы: гранттар арқылы оң өзгерістер жасаудың жаңа мүмкіндіктері
- 25 желтоқсан, 2024
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді