Жамбылда не жаңалық?
Медициналық мекемеге қалайтіркелуге болады?
- author «Ақ жол»
- 21 желтоқсан, 2022
- 295
Медициналық мекемеге қалайтіркелуге болады?
Қазақстанда жыл сайын 15 қыркүйектен 15 қарашаға дейін Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 13 қарашадағы № ҚР ДСМ-194/2020 бұйрығымен бекітілген жеке тұлғаларды медициналық-санитариялық алғашқы көмек көрсететін денсаулық сақтау ұйымдарына бекіту қағидаларына сәйкес тұратын аумағы шегінде емхананы еркін таңдау науқаны өтеді.
Дәрігер тіркелген пациенттердің денсаулығын бақылай алуы үшін тұрғылықты жеріне тікелей жақын емхананы таңдау ұсынылады. Медициналық мекемеге тіркелудің үш жолы бар: Бірінші тәсіл – емхананың тіркеу бөліміне жүгіну және тіркелу туралы өтініш жазу. Бұл тәсіл жасы бойынша зейнеткерлерге, мүмкіндіктері шектеулі адамдарға, балаларға, оның ішінде шет мемлекеттерде туғандарға, сәбилер үйлерінде тұратындарға, жетімдерге, сотталғандарға, колонияларда өтеушілерге және медреседе оқитындарға, мерзімді қызметтегі әскери қызметшілерге немесе сенімхат бойынша тіркелуді ресімдеушілерге ғана қолжетімді.
Ол үшін сізге жеке куәлік, төлқұжат немесе тұруға рұқсат қажет. Егер сіз 18 жасқа дейінгі баланы бекіткіңіз келсе, баланың және оның заңды өкілінің – анасының, әкесінің немесе қамқоршысының жеке басын куәландыратын құжаттарды ұсыну қажет. Екінші тәсіл – үйден шықпай емханаға тіркелу. http://egov.kz. электрондық үкімет порталы арқылы өтінім беру жеткілікті.
Бұл үшін:
– Сайттың басты бетіндегі «Денсаулық сақтау» бөлімін таңдаңыз;
– «Медициналық көмек» қосымша бетінде «медициналық-санитариялық алғашқы көмек көрсететін медициналық ұйымға тіркелу» қызметіне басыңыз;
«Қызметке онлайн тапсырыс беру» батырмасын басыңыз;
– Бекітуге сұраныс жіберу үшін жасыл белгішемен белгіленген барлық элементтерді толтыру қажет;
– Сұранысты сәтті жібергеннен кейін сіз «сұраным өңделуде» мәртебесін көресіз. Тіркелу туралы жауап Сіздің жеке кабинетіңізге бір жұмыс күні ішінде келеді. Үшінші тәсіл – @Kenes1414Bot телеграм-бот арқылы:
- Телеграм мессенджерінде @Kenes1414Bot табыңыз
- Телеграм ботты іске қосыңыз, «қызметтер» бөлімін ашыңыз»
- «Денсаулық сақтау» таңдаңыз, «мессенджер арқылы медициналық ұйымға тіркелу» батырмасын басыңыз»
- Қызмет алушыны көрсетіңіз (өзіңізге /балаға)
- Мекенжай деректерін растаңыз және емхананы таңдаңыз
- Әрі қарай бот тіркелу себебін және дәрігердің деректерін сұрайды
- Растау кодын енгізіңіз
- Телеграм-бот сіздің өтінішіңіздің нөмірін және көрсетілген қызметтің мәртебесін көрсетеді.
М.БОСТАН,
«Азаматтарға арналған үкімет»
мемлекеттік корпорациясы коммерциялық емес акционерлік қоғамының Жамбыл облысы
бойынша филиалының Бірыңғай байланыс орталығы бөлім басшысының орынбасары.
Ұқсас жаңалықтар
Ақпарат
Жамбылда заңсыз берілген жер учаскелері қайтарылды
- 25 желтоқсан, 2024
Жамбыл облысы: гранттар арқылы оң өзгерістер жасаудың жаңа мүмкіндіктері
- 25 желтоқсан, 2024
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді