Тәуелсіздік бәрінен қымбат
Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігі күні – еліміздің ең басты мерекесі қарсаңында, облыстың төтенше жағдайлар департаментінің «Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметі» мемлекеттік мекемесінде Тәуелсіздік тақырыбында семинар-сабақ өтті. Аталған іс-шараға М.Х.Дулати атындағы Тараз өңірлік университетінің кафедра меңгерушісі, мәдениет қайраткері, профессор Айгүл Қабиева және өзбек этномәдени бірлестігінің төрағасы Абдрахман Зайнутдинов арнайы қонақ ретінде шақырылды.
Олар басқарма аппаратының және төтенше жағдайлар басқармасының қызметкерлеріне қазақ халқының басты байлығы мен құндылығы – қоғамдық келісім мен бірлікті, тәуелсіздік жылдарында мемлекетіміздің қол жеткізген жетістіктерін тілге тиек етті. Еліміздің тәуелсіздік және демократия жолындағы жетістіктерін танып-біліп, бір-бірімізге деген достастық пен сыйластық сезімдерін шынайы сезіне білу, Қазақстандағы этносаралық келісім мен ұлтаралық қарым-қатынастың нығаюына белсене қатысу түсінген адамға үлкен бақыт екендігі сөзсіз.
Іс-шара барысында қызметкерлердің назарына Қазақстан Республикасының құрылу жолы туралы деректі фильм ұсынылды. Орталық Азия өңірінің көшбасшыларының бірі де бірегейі – Қазақстан қазіргі таңда шарықтап даму үстінде. Бүгінгі таңда біздің республикамыз халықаралық аренада танымал болып, әлемдік экономикалық жүйеде лайықты орнын алды деп нық сеніммен айтуға болады.
Төтенше жағдайлар басқармасының басшылығы мен қызметкерлері семинарға қатысушы қонақтарға маңызды әрі мағыналы деңгейде дәріс оқығаны үшін алғысын білдірді.
Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметінің қоғаммен байланыс тобы.
Ұқсас жаңалықтар
Жамбыл облысы әкімі аппараты басшысының жаңа орынбасары тағайындалды
- 20 қыркүйек, 2024
АЭС – маңызды шешімдер кезеңі
- 20 қыркүйек, 2024
Ақпарат
Алматылық қос азаматтың жазасы жеңілдетілді
- 30 тамыз, 2024
Президент эстрада әншісін «Барыс» орденімен марапаттады
- 22 шілде, 2024
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді